"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ

02.04.2024

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін   мектебінде  2024 жылдың 1 сәуірінде  «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының     I кезеңі өтті.

«Мың бала» - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы баспалдаққа айналды.

          Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін   мектебі   бойынша «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға 70 оқушы өтінім берді. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.

І кезеңде олимпиада қатысушылары Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін   мектебінде   онлайн – платформада ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеу тапсырды.  Аталған тестілеуге 6-сынып оқушылары қатысып өз білім деңгейін анықтады.

Олимпиада жеңімпаздары квота бойынша дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне: Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейіне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Просмотров: 1518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст