"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Балаға жүрек жылуы" тәрбие сағаты Сынып жетекшісі:Кайрбекова С.А. Сынып: 5 «Г»

Пән: Тәрбие сағаты

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Талапкер ауылы ЖОББМ

Күні: 07.02.2022

Мұғалімнің аты-жөні:

            Кайрбекова С.А.

Сынып:  5 «Г»

 

 

Сабақ тақырыбы

«Балаға жүрек жылуы»

Сабақтың мақсаттары

«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту адамдармен қарым-қатынаста достаса білу, өзара келісімге келу, түсінісу, тіл табысу, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білу, көңіл күйін басқара алу қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,нақыл сөздер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

 

 

Сабақтың басы

 

 

 Шаттық шеңбері

Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

"Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды" – дейді дана Абай. Ия, адамның ең аяулы жері – жүрек. Ең тазасы да сол. Жүрек бәрін басқаратын мүше. Адам баласының денесіндегі қан айналымы жүрек арқылы жүзеге асады. Одан бөлек, ол – ең нәзік, ең сезімтал. Бұл туралы талай аңыз-әңгімелер естіп жүрміз. Данышпан халқымыздың мақал-мәтелдері жүрек туралы не дейді екен?!

 

 

Сабақтың ортасы 

 

Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз де бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік.

 

Тыныштық сәті. Әуен ойналады

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен

сенімен біргемін» — деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!

· Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар. · Міне, тамаша!

Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?

Парасатты болу Жақсылық жасау Көмек беру Мейірімділік көрсету

Жанашырлық таныту Ізгілік Адамгершілік сақтау

Әңгімелесу Мұғалім балаларға адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді:

· Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

· Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

· Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Мұғалім тақтаға «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу — адамнан». М.Пришвин, деп жазып қояды. Мұғалім өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екенін түсіндіреді.

· Өздеріңнің жауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған

мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір

 

сүреді.Рахмет балалар!


Тапсырма

Мұғалім балалардың жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеп, айтып беруге тапсырма береді. Мұғалім бұл тапсырманы ұйымдастырғанда балалардың отбасы,

туған-туысы, тәрбиешісі, т.б. жақсы көрсететін адамдары туралы ойларын біледі. Сонымен бірге әр баланың өмірде өз орны ерекше екенін, оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Рахмет балалар!

 

 

 

Жаңартылған күні: 09.02.2022 08:36
Құрылған күні: 09.02.2022 08:36

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст