"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Оқуға құштар мектеп . 8 Ғ сынып, сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г.

   Күні: 20.09.2021 ж          Сыныбы: 8 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп: Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                        

Сабақтың тақырыбы:

Оқуға құштар мектеп .

Сабақтын мақсаты:

 

Ы. Алтынсариннің шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту, Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту.

Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының    рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саламатсыздарма құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен сынып сағатын өткізгелі жатырмыз. Оқушылар мына суреттен  кімді көріп тұрсыңдар? Ендеше, бүгінгі сынып сағатымыз қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналады.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы Затобол жерінде дүниеге келген. Ол 1889 жылы қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы ғалым, жаңашыл педагог, ақын-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Оқушылар,  Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер?

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.
1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі - Ыбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсаринның қадір есімі кемеңгер Абаймен қатар аталады.

Жоғарыда атап Ыбырай атамызды ақын – жазушы деп атап өттік. Енді балалар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мектеп табалдырығынан аттағаннан бері біліп жаттап жүрміз. Ең алғаш 1-сыныпта қандай өлеңімен таныстық? (Кел, балалар оқылық)

1-оқушы «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады

2-оқушы «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін оқиды.

3-оқушы  «Ананың сүюі» (өлеңін оқу)

Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы. Әңгімелері көбінесе балаларға арналған.

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде  еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

   Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.                          

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

Оқуға құштар мектеп тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

Жаңартылған күні: 20.09.2021 23:09
Құрылған күні: 20.09.2021 23:09

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст