"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар Есебі

  Жаратылыстану  пәндері  бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының

І жартыжылдықта 

атқарылған  жұмыстар

                                                           Есебі

 

 Мектептің тақырыбы:  Білімнің тиімді технологияларын қолдану арқылы нәтижеге бағытталған оқыту негізінде білім сапасын арттыру.

 Мектептің мақсаты:  Білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті,шығармашыл,білімді тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің проблемасы: Пәнді жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Мақсаты:

Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай туғыза отырып, пән мұғалімдерінің сабақ өткізуде кездесетін қиындықтарын практика жүзінде шешу.

Педагог тұлғасындағы тәрбиелі-білімді аша түсу.

Міндеті:
 Мемлекеттік стандарттың орындалуын бақылау;
Пәндік материал бойынша берілетін білім сапасын арттыру;
Пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдау;
 Технологияларды қолдану бағытын бақылау;
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында , әдістемелік іс-тәжірибе алмасып отыру;
 

Тамыз айында жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында  жұмыс жоспары бекітілді. Осы оқу жылында алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жолында І жарты жылдықта сан түрлі жұмыстар атқарылды.


Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі 2021-2022 оқу жылындағы құрамы:

Әдістемелік бірлестіктің мүшелер саны: 13 мұғалім
Оның ішінде:
Педагог-зерттеуші:

Қайсархан Г,  Какина Н.Ж, Бөксенова А.Ғ
Педагог-сарапшы:  Отарбаев Ш.Ж, Нүркеева З.С, Абдыманбекова.Г.А, Шакирова Б.М, Калиева А.Қ.

Бірлестік құрамына 2 жас маман қосылды: физика пәнінің мұғалімі Шарлез Ақмарал  және география пәнінің мұғалімі Калибекова Сымбат. Бірлестіктегі барлық мұғалімдердің жұмыстары жоғары деңгейде өтті.

 

2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

  • Оқу бағдарламаларының жинақтары
  • ӘБ отырыстарының хаттамалары.
  • Білім сапасын бақылаудың аналитикалық материалдары, басқа да диагностика
  • Әр мұғалімнің тақырыптық жоспарлары.
  • Зертханалық және бақылау жұмыстарының жұмыс дәптерлері
  • Техникалық қауіпсіздік  ережелері
  • Дөңгелек үстел
  • Қыркүйек айында «Қазақстанның жаһандық бастамалары» тақырыбы бойынша жаратылыстану-математика бағытының мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек столда оқушылармен алған әсерлерімен бөлісті.

 

  • Семинар-практикум
  • 7 сыныпқа арналған  екі тілде оқытылатын «Химия», «Биология», «Физика»  оқу басылымдарын сынақтан өткізу бойынша жоспар құрылып, сол бойынша ашық сабақтар берілді.

 

  • Басылымдар

Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі

  • «Uzdik Ustaz » республикалық ғылыми-әдістемелік журналың 2021 қараша айының №11 (19) санында «Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мәселелері» тақырыбында материал жариялады.

Калиева  Айгүл  Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі

  • «Uzdik Ustaz » республикалық ғылыми-әдістемелік журналың 2021 қараша айының №11 (19) санында « Физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық негіздері»тақырыбында мақала жариялады.

Баяндама

 

26-27-ші қараша аралығында  Халықаралық Тараз инновациялық институтында ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай « Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасағаны үшін физика пәнінің мұғалімі Калиева А.Қ  І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Біліктілікті арттыру курстары

   Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі

   Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі

  • 11.10.2021ж Daryn Online Республикалык білім беру платформасында "Қашықтықтан білім беру" атты семинарына қатысып, "Daryn Teacher, Daryn Tutor" бағдарламаларын меңгеріп сертификаттар алды. Семинар авторы: Жарбеков Абылайхан Султанмуратұлы.

   

Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі

     Калиева  Айгүл  Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі

 Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі  02.09.2022 ж «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту»   тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі

     Калиева  Айгүл  Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі

 Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі 

24.12.2021 ж «Юнисеф» балалар қорының ұйымдастыруымен өткен «Инклюзивты аралас оқу» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.

  • Ұстаздар  жетістігі

Алғыс хат

Қайсархан Гүлжазира  биология пәнінің мұғалімі

     Калиева  Айгүл  Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі

     Отарбаев Шәмшиден Жұмекенұлы  химия пәнінің мұғалімі 

  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  министрлігінің  республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнынын сараптау орталығынан 7 сыныпқа арналған  «Биология», «Физика», «Химия»  қос тілді  оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешені бойынша сынақ жүргізгені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Оқушылар жетістігі

5-6 сынып оқушылары арасындағы  пәндік аудандық олимпиадасы

І орын жаратылыстану пәнінен 6 Б сынып оқушысы  Жұматай Аяулым жетекшісі: Какина Назгүл Жұмаханқызы.

ІІ орын жаратылыстану пәнінен 5 В сынып оқушысы Серікпай Аяулым   жетекшісі: Амантай Лайла

 

  Бірлестіктің барлық ұстазадары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 8 академиялық сағат көлеміндегі каникулдық мектепке қатысып, сертификаттармен марапатталды.

  Зертханалық  жұмыс пен сарамандық жұмыс дәптерлері тексерілді. Дәптерлер білім стандартына сай жүргізілген, барлық оқушыларда бар.Сонымен қатар, тоқсан соңында мектепішілік әкімшілік бақылау алынып, нәтижесі тапсырылды. Биылғы оқу жылы жаратылыстану бірлестігінің жұмыстары жоспарға сай басталды. Жоспарға сай  әдістемелік отырыстар  өткізіліп,  білім стандартына сай сабақтар өткізілуде. Жас мамандар   жоспарға сай жұмыс атқаруда. Тәлімгер мен жас маман жұмысының жоспары құрылып, сол жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар 23 қазан күні  8-11 сыныптар арасында  жаратылыстану пәндерінен мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 32 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары 2 турға бөлінді. Биология пәнінен тапсырмалар  жасуша биологиясынан 10 сұрақ және жануарлар анатомиясы мен физиологиясынан 10 сұрақ  түрінде берілді. Химия және география пәндерінен тапсырмалар 2 кезеңге бөлінді: теориялық және практикалық . Олимпиада нәтижесі бойынша аудандық олимпиадаға география пәнінен 11 А сынып оқушысы Кусайынова  Айнұр, биология пәнінен 10 А сынып оқушысы Сақтағанова Асем және 9 В сынып оқушысы Амирхан Жасұлан жолдама алды.

Жаңартылған күні: 11.02.2022 12:35
Құрылған күні: 11.02.2022 12:35

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст