"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» Сынып: 4 Ә Өткізген: Аубакирова А.Е. Болат Ұ. Нурпейсова Г.Т

Күні: 15.09.2022

Сынып: 4 Ә

 

Тақырыбы:     А. Байтұрсынов   «Өгіз бен бақа»

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа»  атты     мысал  өлеңі туралы        туралы түсінік  беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды  ұстаз  ұлағатымен  таныстыра отырып,  шығармашылыққа  баулу.

Әдіс-тәсілі: Көрініс

Көрнекілігі:   ақын  портреті, қойылым маскалары

 

1. Мысалдар туралы  түсінік.

Мысалда  аңдар, құстар  хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі  арқылы  адам  бойындағы  мінді  кемшілікті  тұспалдап, әжуа-күлкі  етеді. Мысалдар  өлеңмен  де, қарасөзбен де жазылады. Осындай  шағын  көлемді, оқиғалы, адамға  сабақ  болатын  тағылымдық  шығарманы  мысал  дейді. Мысалдар    еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық  сияқты  жақсы  қасиеттерді  мадақтап, уағыздайды, жағымсыз  қылықтарды  мысқыл  түрінде  күлкі  ете  отырып, одан  сақтандырады.

 

 

Қорытынды:

    5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.  Ағылшын тілінде «The frog and ox» атты мысал әңгімеге 4 Ә сынып оқушыларының қатысуымен көрініс қойылды. Қойылымның басты мақсаты тілді меңгеріп ғана қоймай ұлт ұстазы жайлы ақпаратты насихаттау. Мысал әңгіменің түпкі ойы адам бойындағы жаман қасиеттерді көрсету.

 

 

 

Өткізген: Аубакирова А.Е.

                 Болат Ұ.

                 Нурпейсова Г.Т

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 20.09.2022 14:40
Құрылған күні: 20.09.2022 14:40

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст