"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

IQANAT ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде Айқанат республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті.

Iqanat олимпиадасы – еліміздің ауыл мектептерінің оқушылары үшін тегін олимпиада.«Iqanat білім беру қоры» қоғамдық қоры олимпиаданы қамқоршылардың қаржыларына өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;

-оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру;

-оқушылар арасында тікелей байланыспен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуге үлкен жеңілдіктер қарастырылған.

Аталмыш байқаудың алғашқы кезеңіне мектебімізден 41 оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар тілдік, математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық бағыт бойынша өз білімдерін ортаға салды. 

. Түлектерді  ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды.Iqanat олимпиадасында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

Iqanat олимпиадасының екінші кезеңі 2021 жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарлануда.  ІІ турдан сүрінбей өткендері республикалық кезеңге жолдама алады. Біздің мектеп Iqanat олимпиадасына алғашқы жылдардан бастап үздіксіз қатысуда.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 17.02.2021 17:40
Құрылған күні: 17.02.2021 17:45

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст