"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: "Отбасым - бақыт мекені", 4"Ж" сыныбы, Наурызбаева Д.Б.

 

Тәрбие сағатының жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Наурызбаева Д.Б.

Күні

13.09.2021

Сынып

4 «Ж»

Тақырыбы

«Отбасым – бақыт мекенім»

 

Мақсаты :

а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

 

Сабақтың барысы

Сабақтың этаптары /уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың әркеті

Ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі

(тренинг)

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге

  Алақанға ұрайық.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек,бала -жапырақ», «Әкеден - ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың - тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз.

 

Шеңбер құру

ұлағатты сөздер, плакат, сурет

 

Қызығушылықты ояту.

Тақырыпты ашу

«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз? Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі керек пе? Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп ойлайсыз?

 

«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу.

 

Сұрақтарға жауап береді

 

Ой қозғауНегізгі бөлім

-Шығармашылық жұмыс. «Бақытты отбасы» моделі

 

Балалар «Бақытты отбасы» моделін салады, оны қорғайды.

 

Модель жасау

Сабақтың барысы

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

Ситуациялық сұрақтар.

Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.

-Кейін алып берермін

-Не қажеті бар?

Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

 

 

 

* Отбасына қатысты мақал жарысы.

 

Тақпақты жатқа айтады

 

 

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы туралы мақалдар айтады:

*Менің отбасым – менің байлығым! *Балаларсыз отбасы – иісі жоқ гүл сияқты.

* Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш сияқты.

*Жақсы отбасыда жақсы балалар өседі.

*Жанұя – бақыттың тірегі. *Менің үйім – менің қорғаным.

 

Видео ролик Отбасы туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар жазылған кәртішке

Қорытынды

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

 

 

 

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген  іс-шара бойынша Ақпарат

       Қыркүйек айының 13-күні  4 «Ж» сыныбында «Отбасым – бақыт мекенім»атты тәрбие сағатының ақпараты.

Мақсаты:«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Көрнекілік: Стикер,қарындаш, суреттер, интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

 Сабақтың барысы: Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып сабаққа деген психологиялық ахуал жүргізілді.Сабақ барысында «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызылды.«Бақытты отбасы» моделін салып, қорғады.Оқушылар үлкен қызығушылықпен ситуациялық сұрақтарға жауап берді.Мақал-мәтел айтып жарысты.Сабақ кезінде оқушылардың көңілдері көтеріңкі болды.Бақытты менің отбасым атты өлең жолдарымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Жаңартылған күні: 13.09.2021 14:03
Құрылған күні: 13.09.2021 14:03

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст