"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Мектеп кітапханасына саяхат», 1 "Е" сыныбы, Сынып жетекшісі: Жунусбекова А.Х.

Күні

18.10.2021 ж

Тақырыбы

Мектеп кітапханасына саяхат

Мақсаты

Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.

Күтілетін нәтижелер

Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Презентация,видео ролик түрінде көрсету.

Көрнекі құрал - жабдықтар

Стикер,қарындаш, суреттер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің  іс - әрекеті

Тыңдаушының іс - әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңбер:

 

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық аспан!

Армысың, құрметті Қонақтар!

Армысың, менің достарым!

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Сабақтың басы

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер!

- Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?-

- Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық..

-Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

-Балалар өз ойларын айтады.

Ми шабуылы

-Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың

Оқып, біліп,зерттеп көріп санаңа

Терең білім,ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы»

Кітапхана сол кітаптар тұрағы

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шығары.

 

-Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

 

- Мұғалімнің кітап тақырыбында оқыған өлеңдерін мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

- Өз ойлары мен пікірлерін айтады.

Сабақ барысында көңіл – күйді анықтау

Кітапханашы: Оқушылардың сүйікті кейіпкерлері жөнінде сұрайды, сүйікті кейіпкерлерін сипаттайды.

- Жарайсыңдар балалар.Енді кітапты оқу ережелерімен танысайық

 

Кітапті ұқыпты ұста!

Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.

Кітап таза, әрі тысталған болуы тиіс.

Кітапты таза қолмен оқы.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітаптің беттерін бүктеме.

Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.

Жыртылған кітапті желімде.

Кітапқа жазулар жазба.

Кітапті шкафта немесе полкада сақта.

Алған кітапті уақытында тапсыр

 

Рефлекция

Кітап туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз? Сайыс –өткізеді.

Кітап - алтын қазына.

 

Кітап алтын сандық:

іші толған қазына, құт,

оқы, оқы, ойыңа тұт.

 

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өнер шырағы.

 

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

 

Кітап көзі жұмыққа арзан,

көзі ашыққа маржан.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.10.2021 15:03
Құрылған күні: 18.10.2021 15:03

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст