"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тренинг "Мамандық таңдауда қателеспе"

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл - Фараби
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр – сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Көрнекілігі: инербелсендітақта, ватман, маркер, жекелеген карточкалар.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. «Кел, танысайық!» тренингі.
3. «Меніңбелгім» анкета толтыру, таныстыру.
4. «Мамандықты тап» ойыны.
5. «Бос микрофон» (рефлексия).
6. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспесөз:
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыталу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін – өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін – өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыталуы және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық таңдауда оқушыға өз ақыл - ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін психолог маманның да көмегі керек. Сондықтан бүгін «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» атты тақырыпта тренинг – сабағын ұйымдастырып отырмын.
2. «Кел, танысайық!» тренингі. Қатысушылар өзі туралы айтады. Мәселен, «Мен – Айнұр, педагогпын. Сыпайымын, әдептімін, сымбаттымын» деп таныстырады.
3. «Менің белгім» анкета толтыру, таныстыру. Ата - ана мен бала біріге отырып, мынадай 3 сұраққа жауап жазады (сөзбен, суретарқылы):
1. Менің отбасым
2. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім
3. Менің мамандығым
4. «Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Сварщик
5. «Бос микрофон» (рефлексия). Қатысушылар тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
6. Қорытынды:
Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманыжоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұлжай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау..Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осымен бүгінгі тренинг – сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!

 

Джон Голланд сауалнамасы

 

Нұсқаулық:

Мына төмендегі әрбір қатардағы берілген мамандықтардың өзіне ұнайтын 2 жауаптың біреуін жауап парақшасына белгіле.

 

Инженер-технолог

Конструктор

Сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі оқу ісін меңгеруші

Кәсіподақ комитетінің төрағасы

Дизайнер

Сызба сызушы

Ғылым-химик

Бухгалтер

Саяси қайраткер

Жазушы

Аспазшы

Әріп теруші

Адвокат(қорғаушы)

Ғылыми журналдың редакторы

Тәрбиеші

Балшықтан бұйым жасау жөніндегі суретші-керамикашы

Тоқыма тоқушы

Тазалық жөніндегі дәрігер

10а

Нотариус

10б

Жабдықтаушы

11а

Көркем әдебиет аудармашысы

11б

Лингвист

12а

Педиатр

12б

Статистик

13а

Дүкен меңгеруші

13б

Фотосуретші

14а

Философ

14б

Психиатр

15а

ЭЕМ операторы

15б

Карикатурашы

16а

Бағбан

16б

Метеоролог

17а

Мұғалім

17б

Жастар қозғалысының лидері

18а

Металл бойынша суретші

18б

Бояушы,сырлаушы

19а

Гидролог

19б

Ревизор

20а

Шаруашылық меңгеруші

20б

Дирижер

21а

Инженер-электроншы

21б

Секретарь-машинист

22а

Зооинженер

22б

Зоолог

23а

Спорт дәрігері

23б

Фельетоншы

24а

Троллейбус жүргізуші

24б

Медбике

25а

Көшірмеші

25б

Директор

26а

Сәулетші

26б

Математик

27а

Полицияның балалар бөлмесінің қызметкері

27б

Есепші

28а

Ұжымшар төрағасы

28б

Агроном,тұқым өсіруші

29а

Биолог

29б

Дәрігер

30а

Мұрағатшы(мұрағат жұмысшысы)

30б

Мүсінші

31а

Стенографияшы

31б

Логопед

32а

Экономист

32б

Дүкен меңгеруші

33а

Мұражай ғылыми қызметкері

33б

Консультант

34а

Корректор

34б

Сыншы

35а

Радиооператор

35б

Ядролық физика маманы

36а

Дәрігер

36б

Дипломат

37а

Актер

37б

Телеоператор

38а

Археолог

38б

Сарапшы

39а

Модельер

39б

Дизайнер

40а

Сағатшы

40б

Ғалым

41а

Психолог

41б

Ақын

42а

Режиссер

42б

Құрастырушы

 

 

Анықтама

Класс: 9  « А »

Қатысқан оқушы саны:14

Жүргізілген әдістеме: Жеке тұлғаның типтік ерекшелігі Джон Голланд әдісі

Мақсаты: Жеке тұлғаның мінез-құлықтық типін анықтау

Нұсқау: Тиісті оқу бітіргеннен кейін сіз кез-келген мамандық бойынша қызмет атқара аласыз делік. Дегенмен сіз екі мүмкіндіктің бірін таңдағанда қайсысын таңдап алар едіңіз? Тіркеу қағазына өзіңіз таңдаған жауапты белгілеңіз.

Қорытынды:

1.Реалистік тип:  Азыканов Мақсат

2.Интеллектуалдық тип: Төретаева С, Құрманай Ж,  Мұхаметқали Аңсар, Нағашыбаев  Е

3.Әлеуметтік тип:   Уалихан Т, Жақсылыкова А, Джумабаев Т, Алдекенова М, Мыңжасаров Н

4.Конвенциялық тип:

5.Тапқыр тип:  Билялов А, Алдаберген А,

6.Артистік тип:  Қуаныш

 

Реалистік тип

 

Эмоциясы тұрақты, нақты жағдайларға бағытталған, нақты объектілермен айналысатын құралдар, машиналар, қимыл-қозғалыс шапшаңдығын нақтылықты талап ететін істермен айналысуды жөн көреді. мынадай мамандықтар ұсынылады: механик, электрик, инженер, агроном

Интеллектуалдық тип

 

Тәуелсіз, оринаналды абстрактылі ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешуді ұнатады. Интелектуалды теориялық құндылықтарға бай. Вербалды емес, вербалды қабілеттері үйлесімді дамыған. Ғылыми мамандықтар ұсынылады: ботаник, астроном, физик, математик

Әлеуметтік тип

 

әлеуметтік іскерліктерге ие, қарым-қатынасты қажет етеді, мінез бітістері: үйретуге, тәрбиелеуге ұмтылыс, адамға деген психологиялық бағытталудыңболуы, нәзік. Бұл типтің өкілі- интеллектуалдық мәселелерден шеттте жүруге тырысады, белсенді, бірақ көп жайдайда топ адамдарының пікірлеріне тәуелді. Мәселелерді қарым-қатынасқа түсе білуіне сезімі мен эмоциясына сүйене отырып шешеді. Жақсы вербалдық қасиеттерге ие. Ұсынылатын істер: оқыту және емдеу

Конвенциалдық тип

 

Нақты құрылған істерді қалайды. Мінез-құлқы нақты әрекетті ерекше танытпайды. Іс-әрекетке тәуелді, іс-әрекеттің ауысуын қаламайды. Ұйымадстырушылық қабілеті нашар дамыған. Математикалық қабілетке ие, ұсынылатын мамандықтар: концелярия, есептеу жұмыстары

Іскер тип

Бұл тип өкілі импульсивтілікті, энергияны көртесуді мақсат ететін мақсаттарды таңдайды. Түрлі оқиғаларды басқаруды жақсы көреді. практикалық жұмыс ұнамайды. Сонымен қатар интеллектуады күш-қуатты талап ететін істер ұнамайды. Басшылықпен, статуспен, билікпен байланысты міндеттерді жақсы шешеді. Агрессивті, вербалды қасиеттерге ие. Келесі іс-әрекеттерді жақсы атқарады: журналист, артист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат ..

Артистік тип

 

Интуацияға, қиялға, эмоцияға сүйенеді. Өнерге деген күрделі көзқарасқа ие, шешімін қабылдауға тәуелсіз. Қимыл-қозғалыс және вербалды қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тип творчестволық істерді жөн көреді. : музыка, сурет салу, әдеби шығармашылық, т.с.с

 

            Ұсыныс: мамандық қабылдамаған оқушыларды қандай мамандық таңдауға ниеті бар, қызығушылығын оятып , оқушыларға бағыт бағдар беру.

 

                                                          Ақпарат

                                                                                                 09.03.2021 жыл

 

 

  Талапкер ауылының жалпы орта білім  беретін мектебінде  9 «А» оқушыларымен «Мамандық таңдауда қателес пе» тақырыбында тренинг өтті.

 

 

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Күтілетін нәтиже: тренинг соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде нақты шешім қабылдауы. Өзіне лайықты, ұнайтын мамандық таңдап, сол мамандықтың қыр - сырын ұғынуы, ең бастысы қателеспеудің жолын таңдау керек.
Жүргізілген әдістеме: Жеке тұлғаның типтік ерекшелігі Джон Голланд әдісі

Мақсаты: Жеке тұлғаның мінез-құлықтық типін анықтау

Нұсқау: Тиісті оқу бітіргеннен кейін сіз кез-келген мамандық бойынша қызмет атқара аласыз делік. Дегенмен сіз екі мүмкіндіктің бірін таңдағанда қайсысын таңдап алар едіңіз? Тіркеу қағазына өзіңіз таңдаған жауапты белгілеңіз.

 

Қатысқандар: 13 оқушы

Қорытынды:

1.Реалистік тип:  Азыканов Мақсат

2.Интеллектуалдық тип : Төретаева С, Құрманай Ж,  Мұхаметқали А, Нағашыбаев  Е

3.Әлеуметтік тип:   Уалихан Т, Жақсылыкова А, Джумабаев Т, Алдекенова М, Мыңжасаров Н

4.Конвенциялық тип:

5.Тапқыр тип:  Билялов А, Алдаберген А,

6.Артистік тип: Кеңес Қ

Мектеп психологы: Саткулова Қаламқас

Жаңартылған күні: 09.03.2021 11:25
Құрылған күні: 09.03.2021 11:25

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст