"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тренинг: «Мен жаңашыл мұғаліммін»

Тренинг: «Мен жаңашыл мұғаліммін»

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциналды көңіл-күйлерін көтеру арқылы  білім берудің мазмұның жаңарту жағдайында педагогикалық –психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру.

Психолог сөзі: Құрметті мектеп мұғалімдері! Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, бүгін  сіздермен «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру мен тәрбие үрдісін педагогикалық-психологиялық қолдау» шығармашылық тақырыбыма сай білім саласында   жаңартылған білім беру мазмұнына  көшуге байланысты   тренинг өткізгелі отырмын. Бұл тренингтен сіздер өздеріңізге көп ақпараттармен қатар  өз жұмыстарыңызға шабыт алады деп ойлаймын.

Қазіргі заман талабына сай латын әліпбиіне көшуді қолға алып жатқандықтан және мұғалім жан-жақты өзін дамытып отырғанда ғана үлкен жетістікке жететінін ескере отырып,   бүгінгі тренингте бір-бірімізбен жапон әліпбиімен танысамыз.

 Амандасу

1.Танысу: Жапон әліппесі бойынша танысу

А – ка                  З – з                    П – но            Ц – ми           Б – зу       

И – ки                 Р – ши                 Ч – кэ            В – ру        К – мэ  

С – ари               Ш,Щ – хи           Г  - жи        Л – та         Т – чи                 

Ь,Ъ,Ы – зук Д – тэ      М – рин      У – до            

Э – мэй    Е – ку    Н – то       Ф – лу   Ю – фу

Ж – су     О – мо    Х – ри       Я – на

Мысалы:      Қаламқас Мэкатакаринмэкаари

Әр мұғалім осылай өз аттарын жапон тілінде  жазып танысады.

2. Жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз де, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз де оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Психолог сөзі: Байқап қарасаңыздар, әрқайсысыңыздың қар қиыршығыңыз әртүрлі болып шықты. Бұл дегеніміз айтылған тапсырма бірдей болғанымен, әр адамның қабылдауы әртүрлі. Сондықтан да қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде әр мұғалімнің ойы, пікірі  көзқарасы әртүрлі.  Сіздер өздеріңіз алған білімге толық қанағаттанып,  әрқайсысыңыз өз алған білімдеріңізбен жұмыс жасап, өздеріңізге толық сенген адам ғана жеңіске жететінін ұмытпаңыздар.

3-тапсырма «Даралықтан- даналыққа» 

Әр мұғалім өздеріне ұнаған даналық сөздерді таңдап, өз ойларымен бөліседі. Мұғалімдерге осы даналық сөздер бойынша жігерлендіру сөздері айтылады.

  1. Нағыз өмір- үйреншікті жылы аймақтан шыққанда басталады.
  2. Дамудың болмауы құлдырауға әкеп соғады.
  3. Біреуді өзгереді екен деп ешқашан үміттенбе. Өзгерісті  ылғи өзіңнен баста.
  4. Өмірде өзгені  емес, өзіңді басып озуға ұмтыл.
  5. Ешкім сізден ақылды емес, тек олар сәл ертерек бастаған.

«Өзіңді білгің келсе...» Суреттік тест

Күн,тау,үй,ағаш ,қапшық, жол,сақина суреттерін салу керек.

Егер күн дәл ортасында салынса - жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балаық шағы қызықты, батысқа салынса-кәрілік шағы қызықты.

Тау –дөңгелек салынса  - мінезі  жұмсақ ,мейірімді,сенгіш.Егер тау ұшты  болса,өкпелегіш тік мінезді адам. Егер аралас салынса,басында қар   болса,өзгермелі адам.

Үй  –суретте ағаш үй салынса,арманы орындалады.Егер бір терезе салынған болса,өзіне жақын бір адам туралы көп ойлайды. Егер бірнеше терезе  болса    және жапқыштары болса, ол тұйық сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса,әңгімеге жақын адам.

Ағаш- біреу болса өзінің жолдасына ұнайды.Егер бірнешеу болса,балалары жақсы көреді,оларға уақыт бөліп,көп көңіл аударады.Қоршаған әлемді сүйеді,қанша мықты әдемі салынса,сұлулыққа құмар.

Қапшық қаншалықты  үйге жақын жатса,байлық та жақын. Егер қапшықтың аузы байлаулы болса,сараңдық. Қапшық жерде жатса, жалқау, тік тұрса -еңбекқор адам.

Жол- үйге жақын жатса,жолы –жеңіл,алыс болса,керісінше. Егер жол  үйдің  есігінен шықса,тапқан табысын  үйге әкелетін, ал керісінше болса,айналасына тарататын адам.

Сақина –көзсіз болса,қонақ қабылдағанды,қонақ шақырғанды  ұнатады.Көзі болса, болашақты ойлайды,капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын  білдіреді.

Кері байланыс: «Бір сөзбен әдісі»

Мұғалімдерге 10 сөз жазылған парақша таратылады. Сол парақшаға тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің жүрегіне жақын болған сөзді таңдайды.

Төзімсіздік. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық. Қанағаттану. Шабыт. Зерігу.  Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік.

       

 04.03.2021 ж. Талапкер ауылының жалпы орта білім  беретін мектебінде жас мамандармен «Мен жаңашыл мұғаліммін»  тақырыбында тренинг өткізілді

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциналды көңіл-күйлерін көтеру арқылы  білім берудің мазмұның жаңарту жағдайында педагогикалық –психологиялық қолдау көрсету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру

Қатысушылар: 7  жас маман

1 тапсырма бойынша :  Айболат Какизумокачи

Сымбат – Аризукринзуначи

Диана –Тэкикатока

Какижикатозукрин

Сағыныш – Арикажизуктозукхи

Алуа – Катадока

Гдотатэзукз

2 Тапсырма  Тапсырма бірдей болғанымен , қабылдау әртүрлі

 

  

3 тапсырма Берілген даналық сөздерді жас мамандар өз ойларын, ашық еркін жеткізе алды

 4.  Тапсырма «Суреттік тест»

Қорытынды : Жоспар бойынша тренинг өткізілді жас мамандар кері байланыс беріп өз ойларын айтып ,бір демалып қалдық ,өте керемет әсер алдық, «Суреттік тест»  қорытындысы бойынша кейбір кезде өзімізге өзгеру екендігін түсіндік деді.

Өткізген мектеп психологы: Саткулова Қаламқакс Сейтқамзеқызы

Жаңартылған күні: 04.03.2021 18:21
Құрылған күні: 04.03.2021 18:21

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст