"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.

Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіздік бұрышы бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып,  дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық.  Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі:

Ø  Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

Ø  Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Ø  Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Өрт қауіпсіздігі ережесі:

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Жолда журу қауіпсіздігі:

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт

2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара

3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт

4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.

7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

 

Жаңартылған күні: 09.11.2020 20:02
Құрылған күні: 09.11.2020 20:04

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст