"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» сынып: 6Е, Сынып жетекшісі: Искендирова Ж.С.

Күні: 21.02.2022 ж.

Мүғалімнің аты-жөні: Искендирова Ж

Сынып: 6 Е»

 

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»

Сабақтың мақсаты:

 

Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол белгілерін толық үйрету мақсатында жұмыстар жүргізу, оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп,сақтыққа тәрбиелеу, отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

 

Тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: 

Суреттер,  буклеттер, слаидтар.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдасты-ру кезеңі

3 мин

 Оқушыларды үш топқа бөлінеміз. Түстерін ажырату арқылы «ҚЫЗЫЛДАР», «САРЫЛАР», «ЖАСЫЛДАР» -Ой қозғау -Үш түс ненің белгісін білдіреді?-Бағдаршамның. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты өтеді деп ойлайсыңдар. «Көшеде жүру тәртібіне»

-Ендеше КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

Тротуар

жаяу жүргінші жол белгілері

көліктер КЖТ

бағдаршам инспектор

Дұрыс,балалар бүгінгі сабағымыздың Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»

 

Сабақтың ортасы

(30 мин)

Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді.Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады.Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі.Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда да «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»ашық тәрбиелік шараны өткізбекшіміз.

Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)

«Бағдаршам-жол атасы» Бағдаршам туралы не білеміз Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.

- Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады. Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

 Викториналық сұрақтар

1.Жаяу жүргінші жолдан қалай жүріп тұруы тиіс? (Жиек жолдың оң жақ шетімен)

2.Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?(жедел жәрдем,өрт сөндіру,полиция)

3.Велосипедке неше жастан жүруге рұқсат етіледі?(14-жастан) 4.Жолаушы таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтеді?(аялдамадан)

5.Жол көлік оқиғасына ұшыраған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем шақырып,полиция шақырады,номерін жазып алады.)

6. «Тротуар»деген сөз нені білдіреді ?

7.Көшеден,жолдан қай жерде өтуге болады? (жаяулар өтпесінен )

8.Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?(тыйым салу,міндеттеу белгісі,ескерту белгісі,көрсеткіш белгісі) 9.Бағдаршамның сигналдары қалай орналасқан? (қызыл,сары,жасыл)

Мұғалім:Олай болса «Жол белгілеріне»тоқталсақ

 

- Біз жол белгілеріне байланысты да көптеген мағлұматтар алдық.Өзіміздің бағымызды сынап көрсек қайтеді?(жол белгілері көрсетіледі соны әңгімелеу)

-Ауылдық жерлерде жиек жол жоқ.Ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан машинаға қарама-қарсы жүру керек Жүргізуші осы белгілерге қарап жолында тосқауылдар бар жоқтығын барар жерге жету үшін қанша шақырам қалды деген сияқты көп нәрселерді біліп хабардар болып отырады.Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді. (Тыйым салу,міндеттеу белгісі,ескерту белгісі,көрсеткіш белгісі) - Ескерту белгісі (Суретін көрсетеді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы(3 мин)

Балалар, сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

 

Қорытынды

(2 мин)

Бүгінгі тәрбие сағаты аяқталды!

 

Жаңартылған күні: 22.02.2022 09:09
Құрылған күні: 22.02.2022 09:11

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст