"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ашық тәрбие сағаты: «Желтоқсан шежіресі, Тәуелсіздік елімнің мәртебесі» 9"В" сынып, сынып жетекшісі: Шрахметова Ж.Т.

 

Тәрбие сағаты

«Желтоқсан шежіресі. Тәуелсіздік елімнің мәртебесі»

Күні

15.12.2022

Класс жетекші:

Шрахметова Жанаргүл Тұрғалиқызы

Класс: 9 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

 

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ресімдеу

Слайд,презентация, карточкалар

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

 

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Сыныпты  топқа бөлу

Оқушыларды 3 - топқа бөлу,  «Пікір ағашы»  арқылы
 1 - топ: Желтоқсан

 2 - топ: Тәуелсіздік       

 3 - топ: Қазақстан

  1. Әділказылар алкасымен таныстыру.

Сайыстың кезеңдері:

  1. «Қанат» Топ басшылар сайысы
  2. «Самғау»  Пазл құрастыру
  3. «Шарықтау» Ұяшық таңдау
  4. «Сырсандық» Жумбақтар шешу
  5. «Суреттер сөйлейді» Фотокадр
  6. «Ой қорыту»Эссе жазу, 5 жол өлең шығару, постер корғау
  7. Қорытынды

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.  

 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша   орындарына отырады.

Компьютер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ басы (13 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Армысыздар, аяулы халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанованың  өмір жолымен танысып өтейік.

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

 

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

 

 

 

презентация

 

 

Ортасы (20 мин)

 

1- кезең: «Қанат» Топ басшылар сайысы.

 Әр топ басшылар оз топтарын таныстырып өтеді.

2- кезең «Самғау»  Пазл құрастыру.

 Үш топка 10 нан тапсымалар беріледі. Жанына даталарын орналастырады.

3-кезең: «Шарықтау» Ұяшық таңдау.

 «Wordwall» аркылы онлайн тапсырмалар беріледі. Окушылар уяшық таңдау аркылы сурақтарға жауап береді.

4-кезең:«Сырсандық» Жумбақтар шешу

Ескерту : Жұмбақтар Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы болады .

1.Бұл қаланың басталды жыры жаңа ,

Қазақстан төрінен мұны қара.

Бірінші буынында тамақ аты,

Екінші буынында ірі қала.   (Астана)

2.Мәди мұнда шығарған саз өлеңін,

Тәттімбет те шашыпты өз өнерін.

Өркен жайған нән қала таскөмірмен,

Қамтамасыз етеді қазақ елін.   (Қарағанды)

3.Қалған сүрлеу бар әлі Жошы ханнан ,

Құйыны бар билейтін тосын алдан.

Күрішті аймақ шақырар сені алыстан,

Ғарышты айлақ табылар осы маңнан.   (Қызылорда)

4.Бибігүл шырқаса,әннің сәні келер,

Өнерге күш қайратын әлі берер.

Қала даңқын биікке тұр көтеріп,

Абай,Мұхтар,Шәкәрім ,Әмірелер.    (Семей)

5.Найманның Қаракерей руынан,

Артық туған өзгенің мың ұлынан.

Бұл батыр Дарабоз деп атақ алған,

Жаумен шайқасқандағы қылығынан.   (Қабанбай батыр)

6.Жанқияр патриотқа тән қылығы,

Бұл жас жігіт өлмейді мәңгі тірі.

Оны ойласам келеді құлағыма,

Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы.   (Қайрат Рысқұлбеков)

7.Таратамыз әлемге , досқа атын біз,

Егер жырлай алмасақ босқа ақынбыз.

Ұлы Отан соғысында ұлты қазақ,

Кімдер еді мергендер- қос батыр қыз?   (Әлия, Мәншүк)

5-кезең:.«Суреттер сөйлейді» Фотокадр.

Әр топтан оқушылар шығып, берілген  фотокадрға мәлңмет береді.

6.-кезең. «Ой қорыту». Эссе жазу, 5 жол өлең шығару, постер корғау.  3 топқа осы тапсырмалар  беріледі. 

           

 

 

 

Оқушылардың ойы тыңдалады

 

 

 

 

 

Компьютер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаз ,маркер

Соңы

 

 

 

 

 

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

 «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,

Қазағымның адал ұлы болғанын.

Көрсем деймін, жатсам-тұрсам ойланам,

Өзімнен де көш ілгері озғанын»      - деп  «Желтоқсан шежіресі – Тәуелсіздік  елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.

«Қазақстанның бүгіні мен ертеңі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 15.12.2022 13:36
Құрылған күні: 15.12.2022 13:36

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст