"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: "Ауған соғысының қасіреті" сынып: 5 "ж", сынып жетекшісі: Казиева Ж.С.

Сабақтың тақырыбы: «Ауған соғысының қасіреті» (сынып сағаты)

Сабақтың мақсаты:

  • Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
  • Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
  • Отанды ,елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
  • Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Негізгі бөлім.  Кіріспе сөз:

Мұғалім: Салеметсыздар ме, оқушылар! Жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғаныстан соғысының қасіреті» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер! Ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл толып отыр.

27 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 – жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі.

Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.

 

1-оқушы: Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?

Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.

2-оқушы: Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер

1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.

Қазақстандықтар саны – 22 мың 269 жауынгер

Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды

Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды

Хабарсыз кеткендер – 21

Кеңес Одағының батыры атағын алғандар – 86

Бейбіт күн кешіп жүргендер – 600

3-оқушы: Әлем бесігі қай уақытта да болмасын, дүрбелеңде, жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты , бейбітшілікті аңсайды. Ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп, ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып, жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз арамызда.

Мұғалім сөзі: Бұл соғыста көптеген жас жауынгерлер қаза тапты, жараланып бір өмірге мүгедек болып қалды. Хабар- ошарсыз кеткендері де болды. Біздің Отанда бейбітшілік болса, Ауғанстанда көптеген біздің жас жігіттер интернационалдық борышын өтеу үстінде қаза тапты, жараланды. Сондай от шарпыған қанды жат жерлік майданнан ауылдас ағамыз Ержан Сұлтанбаев аман-есен оралды. Соғыстың аты соғыс. Соғыста көп жан түршігерлік оқиғалар болады. Ержан Сұлтанбаев ағамыз Отан алдындағы борышын адал, абыройлы атқарды. Оның дәлелі «Ауған халқы атынан алғыс» медалі мен СССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.

«Ауғанстан соғысы – жарияланбаған соғыс»

1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес – Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті

1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»

1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500 – де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды

1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.

Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі

1 – кезең: 1979 жылғы желтоқсан – 1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу, олады горнизондарға орналастыру ,жер – жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.

2 - кезең: 1980 жылы наурыз – 1985 жылы cәуір аралығы. Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР – дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

3 – кезең: 1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллериямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысуы

4 – кезең: 1987 жылғы қаңтар – 1989 жылғы ақпан аралығы. Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты

 

Мұғалім сөзі: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды біз қашан да мақтан тұтамыз.

Осы ауған соғысында батырлық пен ерлік күйімен 70 - і қаза болған. Еске алып құрметтейміз,

Құрбандардың рухын.

Қабірлері нұрға толсын,

Суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке

Айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!!

 

IV Қорытынды

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

 

Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды,жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

Жаңартылған күні: 18.02.2022 12:40
Құрылған күні: 18.02.2022 12:40

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст