"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Ауғаныстан соғысының қасіреті" сынып жетекшісі: Тлегенова А.Б, сынып: 6 "Г"

Күні: 14.02.2022 ж.

Мүғалімнің аты-жөні: Тлегенова А.Б.

Сынып: 6 «Г»

 

Ауғаныстан соғысының қасіреті

Сабақтың мақсаты:

 

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

 

 Тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: 

Слайд, суреттер

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің/оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдасты-ру кезеңі

3 мин

- Сәлеметсіндер ме құрметті де қымбатты оқушылар!
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің

ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған сынып сағатымыз ашық деп жариялаймыз.

Слайд

 

Сабақтың ортасы

(30 мин)

   Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

- Жау дейміз - ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..

- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз жайлы өлең шумақтарын айтайын.

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.

Өлгендерді жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

 

- Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.

Әндететін кезің еді төс керіп,

Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып

 

Отан үшін оққа тос кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді

Жебейді олар әруағымен сендерді.

Аналардың көл боп аққан көз жасы,

Жетім - жесір тағдырларын ойлашы.

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбан болған ер басы.

 

- Ер қадірін назарын тасалаудан

Қай ел тауыпты?

Ия, Ерлікті жасамаудан

Бағаламау әлде – қайда қауіпті – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.

Статистика

- Ауған жеріне 23. 000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.

- 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.

- 26 жауынгер із – түссіз жоғалған.

- 1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.

- 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

 

- Осы ауған соғысында батырлық пен ерлік күйімен 70 - і қаза болған. Еске алып құрметтейміз,

Құрбандардың рухын.

Қабірлері нұрға толсын,

Суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке

Айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!!

 

- Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

 

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әр - қашан

Қайыспайтын қаранардай көтерер.

Ендігі, өсіп келе жатқан тәуелсіздік елдің болашақ жауынгерлеріне шақырушының тіркеу туралы күәліктерін тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері,

Қазақ елі – Қас сақтай ердің елі

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Елі ердей, Бабырдай шерлекелі.

Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім

Азат бүгін, ел жоғын қуған ері.

Әділет пен билікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

суреттер

 

 

Сабақтың соңы(3 мин)

 Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, алғысымызды айтамыз.

Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!

 

Қорытынды

(2 мин)

Бүгінгі тәрбие сағаты аяқталды!

 

Жаңартылған күні: 14.02.2022 13:35
Құрылған күні: 14.02.2022 13:35

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст