"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ" Байманов Айбар Абайұлы

Қоғамдық пәндер бірлестігінен ақпарат

16 қараша күні №3 Талапкер орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанын қорытындылау, басталған жаңа тоқсанға нақты жоспар құру мақсатында «Оқушы білімін бақылау мен бағалау жүйесі» тақырыбымен педагогикалық кеңес отырысы болып өтті.

Педагогикалық кеңес жиылысы барысында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Байманов Айбар Абайұлы «Қашықтан оқыту жағдайында оқушының білімін бақылау мен бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада Айбар Абайұлы оқушыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен білімді тексеруге қойылатын талаптарға тоқталып, қашықтық оқытуда оқушыларды бақылау платформаларының қазіргі жай-күйі жайында баян етті. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыруда «ZOOM», «whatsapp», «Online mektep» интернет платформаларының тиімді жақтары мен қиындықтары туралы талдау жасады. Баяндама соңында қашықтан оқытуда оқушыларды бақылау және бағалаудың тиімді жолдарын көрсетіп, қорытындылады.

Қоғамдық пәндер бірлестігі атынан педагогикалық кеңесте баяндама жасаған Айбар Абайұлы қазіргі қашықтан оқытудың өзекті мәселелерін қозғап, осылайша әріптестерімен ой бөлісті. Баяндаманың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қоғамдық пәндер бірлестігі жетекшісі: Бекбергенова Л.Е.

Баяндама тақырыбы:

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттерін анықтау;
  • Оқыту нәтижелерін, оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады.

Бағалау мен бақылаудың маңызы:

  • Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады

Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

  • Оқушы жұмысын тексеру және бақылау жүйелі, тұрақты түрде өтуі қажет;
  • Әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсінуі керек;
  • Білім, іскерлік дағдыларын түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
  • Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
  • Бағаның әділ қойылуы;
  • Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы.

Қашықтық оқытуда оқушыларды бақылау платформалары:

  • whatsapp
  • Online mektep
  • ZOOM

Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру:

  • Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Бірақ қашықтан оқыту жағдайында ZOOM интернет платформасы арқылы өтетін онлайн оқытуға берілген 25-30 минутта барлық оқушының ауызша білімін тексеру мүмкін емес. ZOOM арқылы тек сұрақ-жауап түрінде, дебат түрінде үй тапсырмасын сұрауда, тапсырмаларды орындатуда, сабақты бекітуде оқушыларды қысқаша сөйлетіп, пікірлерін білуге болады.

ZOOM интернет платформасы арқылы оқушыны бақылаудың қиындықтары:

  • Уақыттың жеткіліксіздігі;
  • Интернет желісіндегі қиындықтар;
  • Оқушылардың камераны сөндіріп қоюы;
  • ZOOM-ға кіруге көп оқушының мүмкіндігінің болмауы;
  • ZOOM-да дауыстың бөлініп-бөлініп, анық естілмеуі т.б.

Қашықтан оқытуда ауызша орындалған тапсырмаларды watsapp желісі арқылы бақылау:

  • 1-ші жолы: берілген тапсырманы ауызша баяндауын видеоға түсіріп, WatsApp желісі арқылы жіберу;
  • Кемшілігі: 1) телефон жадынан көп орын алады; 2) оқушының кітаптан, дәптерден қарап айтуға мүмкіндік береді.
  • 2-ші жолы: берілген тапсырманы ауызша баяндауын аудиожазбаға жазып, WatsApp желісі арқылы жіберу;
  • Кемшілігі: 1) оқушы кітаптан, дәптерден оқып беруі мүмкін. Оны бақылау мүмкін емес.

Қашықтан оқытуда «Online Mektep» білім платформасы арқылы оқушыларды бақылау және бағалау:

  • Тиімді жағы: 1) дайын тапсырмалар тақырыпқа сай берілген; 2) тақырыпқа қатысты қысқаша мәтіндер, қызықты видео мәліметтер берілген; 3) тапсырма соңында оқушы нәтижесін, бағасын процент түрінде, баллдық жүйеде көре алады. Бірден бағаланады.
  • Кемшілігі: 1) оқушының қалай орындап жатқанын бақылау мүмкін емес; 2) тапсырманы оқушы өз білімімен емес, ата-ана көмегімен орындауы мүмкін; 3) “Онлайн мектепке” кіруге кейбір оқушылардың интернеттік байланыс желісінің дұрыс болмауы.

Қашықтан оқытуда оқушыларды бақылау және бағалаудың тиімді жолдары:

  • оқушылар өзіне ыңғайлы білім платформасын (watsapp, zoom, online mektep) таңдап, тапсырманы орындауға мүмкіндік беру оқушылардың тапсырманы орындауға ынталандырады;
  • тапсырманы әртүрлі форматта беру: тапсырманы ауызша баяндау, сурет салу арқылы орындау, лекция, эссе түрінде дәптерге жазбаша орындау, online mektep платформасы арқылы онлайн форматта орындау т.б.;
  • тест тапсырмасы түрінде watsapp желісімен сұрақтар беру арқылы оқушыларды тез жауап беруге жарыстыру.

Қорытынды:

  • Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектеседі. Себебі мұғалімге оқушының нені білетіні, нені түсінбейтіні, қай материалды жақсы меңгерілгені, қайсысын нашар немесе мүлдем меңгерілмегені білгілі болады. Бұл жаңа сабақ жоспарын тиімді ұйымдастыруға бағыт көрсетеді. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға береді, жұмыс әдістеріне толықтырулар, түзетулер енгізіп, оқушымен жеке жұмыс істеу жолдарын табады.
  • Қазіргі қашықтан оқыту жағдайында оқушыны бақылау мен бағалау ең маңызды фактор. Сондықтан бұған мұғалімдер баса назар аударғаны дұрыс деп ойлаймын.

Назарларыңызға рахмет!

Жаңартылған күні: 19.11.2020 13:14
Құрылған күні: 19.11.2020 13:14

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст