"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қазақстанда инклюзивті білім беру қиындықтары мен жетістіктері» тақырыбында ВЕБИНАР өтті.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінде ВЕБИНАР өтті.

Тақырыбы: «Қазақстанда инклюзивті білім беру  қиындықтары мен жетістіктері» 

Мақсаты: ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс бағыты мен әдіс-тәсілдері.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту Қазақстан Республикасындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қоғам білім беру ұйымдарының алдына білім беру қызметтерінің жоғары деңгейі мен кең ауқымды, сондай-ақ балалардың барлық санаттары үшін білімнің қолжетімділігі сияқты өзекті міндеттер қойып отыр. Бұл міндеттерді орындау мектептерде оқу үдерістері оқушыларға қолайлы жағдайда өтетін қолайлы білім беру ортасын құру жағдайында мүмкін болады.

Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанда инклюзивті білім беру

қиындықтары мен жетістіктері»  тақырыбында бастауыш сынып ұстаздарының вебинары өтті.

      Вебинар барысында қатысушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға арнайы жағдайлар жасауды, жалпы білім беретін мектептердің әр түрлі санаттағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін интерактивті көп функционалды орта құру мүмкіндіктерін талқылады, инклюзивті білім беру үдерісін жобалау, іске асыру және бақылау кезінде мектеп әкімшілігі кездесетін қиындықтарды қарастырды.

Вебинарға қатысушылар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстармен және мектептегі психологиялық – педагогикалық консилиумның жұмысымен танысты.

        Вебинар қатысушыларына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте барлық балалармен бірлесіп оқытуды ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибе алмасу үлкен қызығушылық тудырды.

       Вебинарға қатысушылар оң баға берді.

     

 

Жаңартылған күні: 23.02.2021 16:48
Құрылған күні: 23.02.2021 16:48

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст