"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2 " А " сыныбы. «Алуан түрлі ғаламшарлар» тақырыбында ашық сабақ. Қасаева Ж. Т.

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Жаратылыстану пәнінен өткізілген ашық сабақ есебі

Ақпаң айының 17-күні 2 «А» сыныбында «Алуан түрлі ғаламшарлар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Күн жүйесі ғаламшарлардың ретін біледі, бақылау жүргізудің жоспарын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Күн жүйесіндегі  ғаламшарларды ажыратып,айтады. Бақылау жүргізудің жоспарын құрып, түсіндіріп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Күн жүйесіндегі  ғаламшарларды анықтап, өз ойларын қосады. Бақылау жүргізудің жоспарын құрып, өз жұмыстарын дәлелдеп ойларын қоса алады.

РесурстарИнтербелсендітақта, оқулық, суреттер, топқабөлугеарналғанкеспеқағаздар, топтықтапсырмалар, керібайланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, түсіндіру, бейнеролик, топтастыру, сәйкестендіру, жұптық тапсырма,топтықтапсырмалар, жұмбақ шешу, кері байланыс, Рефлексия.

Сабақтың барысы:

Сабаққа 13 оқушы қатысты.Ұйымдастыру кезеңі «Жұмбақты шеш» ойынымен басталды.Оқушылар 3-топқа бөлінді. Алдыңғы тақырыпты қайталау мақсатынды жұппен тапсырма берілді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін бейнежазба көрсетілді,әрі қарай сұраққа  жауап беру арқылы, ғаламшарларды күн жүйесіне орналастырды.Әр топқа топпен  орындайтын тарсырма берілді.1-топқа ғаламшарлардың атын тауып жазу, 2-топқа сәйкестендіру, 3-топқа сөзжұмбақ берілді.Әр топ мүшелері орындаған тапсырмаларын қорғады.К/б: «Жұлдыздардың көңіл – күйі» әдісін қолдандық.Сабақ мақсатына жетті.Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. Кері байланыс: «Зымыранды боя»түсіндім (жасыл), сұрағым бар (көк), түсінбедім (қызыл) тәсілін қолдандым.

      

Жаңартылған күні: 19.02.2021 17:48
Құрылған күні: 19.02.2021 17:48

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст