"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Эстафеталық жүгіру 4х60" тақырыбындағы ашық сабақ. 8" В " сыныбы. Мұғалім: Байгабулов Б. М.

Күні

16.09.2022ж

Пәні

Дене шынықтыру

Мұғалімі

Байгабулов Багдат Мейрамулы

Сыныбы

8 «В» сынып

Тақырыбы

Эстафеталық жүгіріс 4х60 м

Мақсаты

Эстафеталық жүгіріс 4х60 техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру. 4х60м эстафеталық жүгіріс түрін түсіндіру. Адамгершілікке, отанын сүюге, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту

Түрі

Командалық жарыс

Сабақтағы әдіс

Ойын

 

Уақыты

Сабақтың мазмұны

Іс-әрекет/ресурстар

5 мин.

 

 

 

 

 

10 мин.

Кіріспе бөлім

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Кезекшінің мәліметі.

3. Сәлемдесу.

4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

 

Жүру жаттығулары:

Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;

Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;

Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен  жүру;

Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;

Қол белде жартылай отырып жүру;

Қол тізеде, толық отырып жүру,

Жүгіру жаттығулары:

Жеңіл жүгіріс

Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру

Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра

 жүгіру;

Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;

Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-3-ке санату,

1-лер 4 қадам, 2-лер 2 қадам, алға шығады, қолды созып

 арақашықтық сақтау.

 

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.

1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа

 айналдырамыз.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды

желкеге қоямыз.

1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз

-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;

-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын

айналдыру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;

-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені

оңға иілдіру;

 -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.

Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол

 қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.

Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды

төмен түсіру.

Оқушылардың спорт

киімдеріне көңіл бөлу.

Оқушылардың

денсаулығына көңіл

бөлу.

 

 

Денені тік ұстау керек.

Арақашықтықты

сақтау.

 

 

 

 

 

Алдыңғы, артқы

әріптестерге кедергі

жасамау.

Еркін демалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дұрыс жаттығу жасауын

 қадағалау.

 

25 мин.

 

Негізгі бөлім

 

1.      Оқушыларды сапқа тұрғызып, таяқшаны беру және қабылдау әдістерін айтып түсіндіру, бірнеше рет көрсету.

 

2.      Жүгірген кезде ережені сақтап таяқшамен жүгіру.

3.      Таяқшаны сол қолға алып жүгіріп бара жатып, оң қолға айырбастау керек. Қабылдаушы оқушы сол қолмен қабылдап, берген оқушы сол жерде қалады.

 

4.      Оқушыларды екі топқа бөліп, 1-ші топты алаңның басына, 2- ші топты алаңның ортасына қойып, сызықша сызып бойына жалауша белгілеп, 2-ші топ таяқшаны қабылдаушы болып есептеледі. Ысқырық немесе белгі бойынша 1-ші топ жүгіріп барып 2-ші топқа таяқшаны беріп, 2-ші топ қабылдап ары қарай жүгіреді. Осылай жаттығуды ауысып, толық меңгергенше бірнеше рет қайталаймыз.

5.      Эстафеталық таяқшамен топқа бөлініп жарыса жүгіру.

6.      Жіберген қателіктерді түзету.

7.      Қимыл – қозғалыс ойындары.

Бұл ойынға  әр командадан үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында  тұрып, бір-бірден  залды айналып  жүгіріп, келесі ойыншыға  таяқшаны береді.

Қай команда эстафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңіске  жетеді.

 

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

 

Таяқшаны дұрыс беру және дұрыс қабылдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүгірген кезде таяқшамен жүгіру.

Таяқшаны түсірмеулерін қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаушы  эстафета таяқшасын беру аймағында елеулі шапшаңдыққа жеткенде ғана қабылдап алуы керек.

Таяқшаны ортасынан ұстамау

Әр топ өз жолымен жүгіру

 

 

      

5 мин.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу

Жеңімпаз топты хабарлау

Сабақты қортындылау.

Саппен  шығарып салу

Тәртіпке шақыру.

Сабақ барысында

жіберілген қателікті

айту, түзеу..

 

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «В» сыныбында  өткізілген ашық сабақ бойынша ақпарат

         16.09.2022 күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «В» сыныбында «Эстафеталық жүгіріс 4х60» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

         Мақсаты: Эстафеталық жүгіріс 4х60 техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру. 4х60м эстафеталық жүгіріс түрін түсіндіру. Адамгершілікке, отанын сүюге, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту

         Сабақ дене қыздыру жаттығуларымен басталды. Оқушылар 400 метр жүгіріп денені қыздырып алғаннан соң сапқа тұрып, үш топқа бөлініп орнында жаттығулар орындады. Эстафеталық жүгіріс техникасы түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді.

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.09.2022 22:29
Құрылған күні: 19.09.2022 22:31

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст