"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 9 «В» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс ақпараты

Бүгін, 31 наурыз күні негізгі мектепті аяқтағалы отырған 9 «В» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс болып өтті. Жиналыс тақырыбы: «Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс».

Жиналыс мақсаты: мектеп, ата-ана, бала арасындағы үштік байланыс туралы ой тастап,  ата-аналарға ІІІ тоқсан бойынша сыныптың білім сапасы, оқушылардың ІV тоқсандағы оқу жағдайы, коронавирус індетінің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары, негізгі мектептен кейінгі орта оқу орындары жайлы ақпараттар беру.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сынып жетекші Сейткарімова А.Т. сөз алды.  Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыстың мықты болуы оқушы болашағына, білім алуына, тәртібіне ерекше әсер ететіні жайлы, оқушылардың білім деңгейлері, ІІІ тоқсан қорытындысы, оқушылардың сабаққа қатысуы, мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы туралы жан-жақты ақпараттар беріп, короновирус жағдайына байланысты балаларының сақтық шараларын қатаң ұстауларын қадағалау жөнінде ескертті. Құқық бқұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкілік мезгілде дала балалардың жүрмеуін қадағалау ата-анаға тапсырылды. Сонымен бірге күннің жылынып, өзендегі мұздың еруіне байланысты балаларды өзенге жібермеу, су тасқыны қаупіне байланысты алдын ала ескертулер жасалды. Негізгі мектептен кейінгі оқу орындары жайлы ақпараттармен бөлісті. Одан кейін пән мұғалімдеріне  сөз беріліп,  ата-аналарды ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасымен таныстырды. Балалардың онлайн мектепке кірулері, қашықтан оқылатын пәндер бойынша тапсырмаларды орындау көрсеткіштері жайлы ақпарат берді. Республикалық Айқанат олимпиадасының ІІ туры және мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы жайлы мәліметтер ұсынды. Жиналыста өзге де мәселелер жайлы сөз қозғалып, сынып жетекші, ұстаздар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді.

9 «В» сынып жетекшісі: Сейткарімова А.Т.

         

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 31.03.2021 19:39
Құрылған күні: 31.03.2021 19:39

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст