"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектептің тарихы

1964 жыл Талапкер мектебі орталау, яғни 8 жылдық болды. 1961 жылы жатақхана ретінде салынған жаңа үй мектепке берілді. Сол кездегі мектеп директоры - Тойшыбеков Серікбек болды. Ол  кісі осы мектепті ұзақ жыл басқарып келді, мектептің өсіп-өркендеуіне көп еңбек сіңірді, талай түлек түлеп ұшты. Мектеп жанынан қосымша 3 сынып пен спорт залы салынды.

Талапкер сегізжылдық мектебі дегенде есімізге Тойшыбеков Серікбек ағамыз бен қазақ тілі пәні  мұғалімі Тойшыбекова Макен апамыз еске түседі. Тойшыбеков Серікбек ағамыздың ауылымызға сіңірген еңбегі зор. 

1990-1991 жылдары мектепте 10-11 сыныптар ашылып, Талапкер сегізжылдық мектебі  орта мектепке айналды. Мектеп алғашқы түлектерін  ұшыра бастады.

Аллаға шүкір, 2011 жылы Талапкер ауылында 5500-дей түтін бар, 5500 үйде -7800-дей адам тұрады. №3 орта мектебінде - 522оқушы, мектеп шағын болғандықтан, қала мектептерінде - 174, көрші №48 Воздвиженка орта мектебінде - 34 оқушы білім алады. 1300-дей студент, 0-18 жасқа дейін барлығы - 1510 бала бар, 50 бала үшін шағын балабақша ашылған.

Талапкер мектебін 1941-1945 жылдары - Мұса,1946-1949 жылдары - Есенбаев Құсайын, 1950-1951 жылдары Сипатова Майра,1952-1956 жылдары Шарипов Қызыр, 1957-1958 жылдары Утегенов Ғажайып, 1959-1961 жылдары Муканов Жакуда, 1962-1977 жылдары  Тойшыбеков Серікпек, 1977-1980 жылдары Усин Сейілбек, 1980-1982 жылдары Мүзан, 1982-1988 жылдары Тойшыбеков Серікпек, 1988-1991 жылдары Ильясов Ғабиден, 1991-1995 жылдары Бұғыбаев Ерқанат, 1996-2004 жылдары Малгаздарова Райлә Шаріпқызы, 2004-2011 жылдары Ермағамбетова Бахыткүл Ташимқызы, 2011-2012 жылдары Ильясов Ғабиден Саламатұлы, 2012 жылдан Абеева Сағынбала Қасенқызы.

№ 3 Талапкер орта мектебінің жаңа мектеп ғимараты 2013 жылдың                    9 қаңтарында 900 орындық балаға арналып, «Нур-Астана» құрылыс компаниясының салуымен қолданысқа берілді. Мектептің ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі: Қожамжаров Қайрат  қатысып, оқушыларға ізгі тілегін айтты. Бүгінгі күні мектепте 1707  оқушы білім нәрімен сусындауда. Мектеп қазіргі заманға сай жабдықталған. Жаңа үлгідегі химия, физика, биология кабинеттері бар. Төрт лингафонды кабинет, екі мультимедиялық кабинет және он екі кабинетте интерактивті тақта орнатылған. Логопедиялық кабинет 2014-2015 оқу жылында ашылды. Ер балаларға арналған металл өңдейтін және ағаш өңдейтін шеберханалар да бар. Мектепке Целиноград ауданынан оқушыларды тасымалдауға 2 автобус берілген.

        Бүгінгі таңда мектепте 110  мұғалім еңбек етуде. Біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бойынша Сейдахметова Л.Қ., Екінші деңгей Кульмагамбетова С.Т. және үшінші деңгей бойынша Асанова А.Б., Жакенова Г., Иманбалина Г.Қ., Байжұма К., Зияш Б. сынды ұстаздарымыз біліктіліктерін арттырып, озық технологияларды өз сабақтарында пайдаланып, мұғалімдерімізге өз шеберліктерін үйретуде. «Бастауышым -  бастамам»,-  демекші, бастауыш сыныпта еңбек етіп жүрген озық тәжірибелі ұстаздарымыз аз емес. Атап айтсақ, Джолдаспаева Ж.М., Елешова С.А., Бозбаева Т.Б., Қожахметова А.А., Егентаева Ф.А., Баймағамбетова А.А., Хамитова М.К., Аубакирова А.С., Малгаздарова Т.Б., Файзуллина Г.М., т.б. Мектептің тәрбие үрдісін ұйымдастыруда, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудандық, облыстық сайыстарда топ жарып жүрген сынып жетекшілер аз емес, олар: Бекбергенова Л.Е., Алив Ж., Байсеркеева Ж.Т., Абдыманбекова Г.А., Шрахметова Ж.Т.,Кайкенова А.А., Дадаева Қ.Т., Байманов А.А., Какина Н., Қайсархан Г. Музыкалық жетекшілер: Хамитов Е.А. мен Шағыров Б.Т. мектебімізде әртүрлі мерекелік іс-шараларға көркемдік жетекшілік етеді. Оқушылары аудандық спорт сайыстарында топ жарып жүрген дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нағашыбаев Н.Н., Асқаров А.С., Серикбаева А.А., Омаров Қ.Е., Уалиев Д.Д. Білім беру үрдісінде заманауи технологиялар негізінде сапалы білім беріп жүрген алтын әріпті ұстаздарымызды атап өтпесек болмайды. Олар: Нуркеева З.С., Молдахметова Р.С., Ажибекова С.М., Илиясов Ғ.С., Аубакирова Р.Қ., Тлеуберді С.С., Отарбаев Ш.Ж., Бимағамбетов Қ.М., Магзумова Р.С., Кульмагамбетова С.Т., Сейдахметова Л.Қ, Иманбалина Г.Қ. Саткулова Қ.С., мектебімізді әрлендіріп,  безендіру жұмысына үлкен үлес қосып жүрген технология пәнінің мұғалімі Ибраев М.И. еңбегі зор.

       Мектептің биік шыңдарынан көрініп, оқушыларға саналы да, сапалы білім берудің заманауи талаптарға тәлім тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру барысында мектеп әкімшілігінің атқарып жүрген еңбектері өте зор. Атап айтатын болсақ, мектеп директорының оқу ісінің орынбасарлары: Ахитова Г.С., Елешова С.А., ғылыми ісі жөніндегі орынбасары: Шантасов А.С., тәрбие жұмысының орынбасарлары: Хамзина Г.А., Шакирова Б.М., әлеуметтік педагог: Асанова А.Б., психологтар: Реметова А.Қ., Шонбаева Ж.Х., тәлімгер: Халийхан М., шаруашылық меңгерушісі: Нургалиев Ж.Н., кітапханашы: Аубакирова А.А.

     Мектебіміздің оқу – тәрбие үрдісіндегі жетістіктеріміз:

  • Жұбатқанова Жанбота Сұлтанқызы  №3 Талапкер орта мектебіне тұңғыш алтын белгі сыйлаған оқушымыздың бірі. 
  • Халықаралық ғылыми жобалар сайысында  11  сынып оқушысы  Карбаев Елдос Ерікұлы Грузияда өткен IYIPO ІХ Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми жобалар олимпиадасында -  ІІІ орынға иеленді. 
  • Ақмола облысы бойынша ғылыми жобадан 11 сынып оқушысы    Амирова Айдана  "Астана қаласының демографиясы: өткені, бүгіні, болашағы" тақырыбында ғылыми жобадан -  ІІІ орынды жеңіп алды.
  • Облыстық ғылыми жобалар  сайысына қатысқан оқушылардың еңбектері:
  1. Зайнекеш Айдын. Тақырыбы "ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ӨТКЕНІНЕН ЕСТЕЛІК".       Жетекшісі Абеева С.Х.
  1. Кәуез Мадина. Тақырыбы  "АСТАНА ҚАЛАСЫ МАҢЫНДАҒЫ ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫН БАҚЫЛАУ".  Жетекшісі Шакирова Б.М.
  2. Амирова Айдана. Тақырыбы «КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ АҚИҚАТЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ». Жетекшісі Бекбергенова Л.Е.
  •  Аудандық “Жарқын болашақ”  сайысында

«ӘНШІ БҰЛБЫЛДАР» номинациясы бойынша  мектебіміздің музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлының жетекшілігімен Зейнулла Даяна І орын. 

  • Аудандық “Абай оқулары” байқауы:

  Анварова Ситора. “ӘНШІ” номинациясы бойынша, бас жүлде. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.

  • Аудандық  “Мұқағали Мақатаев оқулары»:

  Зейнулла Даяна оқушылардың аудандық  “МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» бойынша. Бас жүлде. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.

  • Аудандық  Жайдарман КВН сайысы

  Мектеп командасы І орын жетекшісі мектеп тәлімгері Халийхан Мейрамгүл, мектептің дене тәрбие пәні мұғалімі Сағындыков Айбек.

  • Аудандык «Менің отаным Қазақстан» рәміздер күніне арналған форум:

1.Мектептің 11 «А» сыныптан құралған Болашақ командасы І орын.

  • Облыстык  «Патриоттык әндер сайысынан»: Ануаров Азат І орын. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.
  • Облыстык  «Абай оқулары » байқауы: Анварова Ситора. “ӘНШІ” номинациясы бойынша, І орын. Музыка жетекшісі Хамитов Ержан Ануарұлы.
  • Облыстық «Біз бақытты баламыз» «Жас Ұлан» «ББЖҰ»    ұланбасылар мен тәлімгерлер слеті. Мектептің командасына «үздік аймақ» номинациясы.
  • Республикалык «Менің Қазақстаным» атты туристік өлкетану экспедициясы:Талапкер ауылы № 3 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушыларынан құралған команда құрамы (Нұрмахан С., Карбаев Е., Болатов Р., Алпысбеков А., Серикбаев А.,Қайыржанов Н., Жетписова С., Хамзина А., Жакудина А., Аукирова Н., Зайнекеш С., Зайнекеш А.) І орын алды, жетекшісі мектептің тәлімгері Халийхан Мейрамгүл.

Целиноград ауданының оқу бөлімінің басшысы Ағанас ауылының азаматы Ахметов Қанат Есенбекұлының жаңа мектептің ашылуына сіңірген еңбегі зор. Мектептің ыстық-суығына күйіп, күн-түн демей жүгірген абзал ағамыздың еңбегін талапкерліктер ұмытпақ емес.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері - Усенова Гулпан Сүйінжановна, Цапаева Тамара Николаевна, Қабыкенова Айткул Аманжолқызы, Байболатова Майра Қауашевна, Мусина Айнұр Далабаевна, Кайыр Сағындықұлының мектебімізге деген құрметі ерекше.

 

 

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:09
Құрылған күні: 29.02.2020 01:19

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст