"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Өзін – өзі тану. 1Ғ. Сабақтың тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Пән: Өзін – өзі тану                                       

Мектебі: Талапкер ауылы  №3 орта мектебі КММ

Күні: 11.09

№: 2

Мұғалімі: Егентаева Ф.А

Сыныбы: 1 «Ғ»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: шындықты айту, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

Мақсаты: Оқушыларға адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, тек шындықты айту керектігін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№1 – сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісін үлкендердің көмегімен  оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма?
  2. Неліктен?
  3. Әрдайымшындықтыайтқандұрыс па? Неліктен?
  4. Өзөмірлеріңдешындықпенжолтапқанмысалдаркелтіріңіздерші?

 

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

 Сұрақтар:

1. Адал деген не?

2. Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Не үшін?

Қ.Мырзалиев

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

 

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Жүрек деген не үшін керек

Жауларымнан қыңбау үшін!

 

Тіл мен жағың не үшін керек!

Ақиқатты айту үшін!

Ал аяғың?..

Шет жүрсем,

Туған жерге қайту үшін!

Сұрақтар: 

  1. Көздің, қолдың, жүректің, тілдің, аяқтың шынайы міндеттерін қалай түсінесіңдер?
  2. Қандай қасиеттер арқылы адам ақиқатқа жете алады?
  3. Өзгелердің бойындағы жақсы қасиеттерді қалай танып, біле аласыңдар?Мысал келтіріңдер.
  4. Өз достарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттап бер.

 

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

  1. Тапсырма:Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.

 

6. Топпен ән айту.

«Біз осылай өсеміз»

Сөзін жазған М.Әлімбаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы.

 

7. Үй тапсырмасы.

№3 – сабақ. «Сыпайы қоян» ертегісін үлкендердің көмегімен  оқып келу.

 

 

Жаңартылған күні: 05.11.2020 15:58
Құрылған күні: 05.11.2020 15:58

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст