"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ауған жауынгерлерінің ерлігі» атты қашықтықтан тәрбие сағаты

Ақпан айының 15-күні 2 «Г» сыныбында «Ауған жауынгерлерінің ерлігі» атты қашықтықтан тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту. 

Бүгінгі тәрбие сағатында « Ауғанстан соғысы" туралы не білетіндігі сұралды.

-Ауғанстан туралы біз не білеміз?

-Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарарұлын, біреудің бауырын бұлжалғанда жұлып әкетерін кім білген.
Бүгінгі біздің «Ауған жауынгерлері» атты тәрбие сағатымыз сол  ерлерге арналады.

Топтастыру: «Соғыс дегеніміз не?»

Мұғалім: Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара» демекші 15ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы  «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды  құрмет тұтуға міндеттіміз.

Поэзия минуты. Оқушылар тақпақ оқыды.

«Білейік, танысайық!» кезеңі. Ауған соғысы туралы мәліметтер айтылды.

Бейнебаян. «Ауған жерінде ... » көрсетілді

«Макал-мәтелдер» кезеңі. Ерлік, батырлық, достық туралыайтылды

"Мен тілеймін ..." кезеңі.  Балалар өз тілектерін жазды

 

Жаңартылған күні: 16.02.2021 16:22
Құрылған күні: 16.02.2021 16:26

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст