"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ақын-жазушы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай онлайн-көрме ұйымдастырылды.

Талапкер ауылы №3 орта  мектеп кітапханасында  ақын-жазушы Жұбан Молдағалиевтің  туғанына  100 жыл  толуына орай  онлайн көрме   ұйымдастырылды.

     Ақын, Қазақстанның халық жазушысы КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты  Жұбан  Молдағалиев туғанынна  100 жыл.

       Бұл көрмеде  ақынның  еңбектері , шығармашылығы,   туынды кітаптары    қойылған. Осы     туындылар   ішінде  ерекше орын  алған    «Мен – қазақпын» поэмасы   

       1964 жылы «Мен – қазақпын»  атты поэмасы  әдебиет әлемін  дүр  сілкіндірді . Сол кездің  өзіңде –ақ  «Мен қазақпын»  деп айдай әлемге жар салып , туған  халқының  өткен  өмірі  мен қилы тағдыры  туралы  тебірене жырлауы  ақынның  данқын  көкке  көтерді.

     «Мен- қазақпын» деп қана қоймай , Жұбан  қысылтаяң  сәтте  халқын  қорғай  білген  ұлы  тұлға  еді  .

     Бұған  1986 жылы  31 желтоқсанда  Қазақстан  Жазушылар  одағына  кездесуге  келген   Қазақстан  Компартиясы  орталық  комитетінің  сол  кездегі  бірінші  хатшысы Г. Колбинге қаймықпай  айтқан  атақты  сөзі  дәдел. Аяусыз  соққы жеп, итке таланған  қазақ  жастарына  араша түскен ақынның  бұл хас ерлігі  еді.

     Ол әсіресе жас ұрпақтың , қазақ балаларының  білімді әрі сауатты  болуыңа  аса мән берген  ақын .

      «Мен –қазақпын  өз халқымды  мақтан етемін  маған оның көп қатпарлы  тарихы қымбат , ал оның  бүгінгі күні одан да қымбат»  деп өткен Жұбан  Молдағалиев . Енді оның елге , әсіресе жас ұрпаққа берер  ғибраты  молынан болғай.

 

Жаңартылған күні: 26.11.2020 18:19
Құрылған күні: 26.11.2020 18:21

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст