"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты "Адалдық сағаты", 7Е сыныбы, Магзумова Р.С.

   Күні: 23.09.2021 ж          Сыныбы: 7 Е           Мұғалім: Магзумова Р.С.   

Мектеп:  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                          

Сабақтың тақырыбы:

 «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин»

 

Сабақтын мақсаты:

 

оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; М.Ғабдуллиннің өмірінен мысал келтіре отырып адалдық пен әділдікті құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру

 

Міндеттері:

адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды адалдыққа, әділдікке  және шынайылыққа тәрбиелеу.                

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер.       

“Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі -қазақтың   әулиесі сол”.                         Абай. 

Әділдік-шыншылдық; турашылдық, адалдық, дұрыстық.                    

Әділдік — ізгіліктің ірге тасы.

“Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”.            Абай. 

 Өз өмірінде әр ісін адалдық пен әділдікті көрссеткен М.Ғабдуллин туралы мәлімет:         

Кеңес одағының батыры, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келді. Көпбалалы отбасыдан шыққан, Мәлікпен бірге 6 ұл, 3 қыз болған. Алайда олардың барлығы шетінеп, Мәлік қана аман қалады.

Мәліктанушы ғалым Серік Негимов жазушының балалық шағы жайлы:

"Мәлік көпбалалы отбасынан шыққан, бір үйде он бала болды: Мәлікпен бірге, 6 ұл, 3 қыз болды. Бауырлары мен шешесі Әлия бәрі 1932 жылы ашаршылықтың құрбаны болды. Аман қалғаны тек Мәлік қана", - дейді Кеңес одағы батырының 100 жылдығына арналған кітапта.

Мәлік жастайынан еті тірі, ақылды, қайсар бала болып өседі. 8 жасынан ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан Құлет ауылындағы мектепке барады. Онда бастауыш сыныпты аяқтап, Көкшетау қаласындағы коммуна мектебіне қабылданады.

14 жасында Мәлік сол кездегі қазақ елінің астанасы Алматыға оқуға аттанады. Ол алғашында ауыл шаруашылығы институтының дайындық курсында білім алады. Бірақ кейін ойын өзгертіп, басқа мамандықты таңдайды.


"Мәлік Ғабдуллин Алматы ауыл шаруашылық институтында оқып жүрген кезінде Сәбит Мұқановтың ақылымен сол кездегі ҚазПИ, яғни қазақ педагогикалық институты филология факультетіне оқуға ауысады. Алғашқы кезде жататын орын болмай, Сәкен Сейфуллинің пәтерінде тұрады. Оқып жүріп, бір күні баспаға келеді. Ауылдан келген бала кітаптың, газеттің қалай басылатынын көргісі келеді.

Осылайша баспада Мәлікпен Бейімбет Майлин танысады. Ол кісі сол баспаның басқарушысы болды. Екеуі біраз әңгімелескеннен кейін оның тегін бала емес екенін аңғарады. Баспаға жұмысқа шақырады. Осында оқып, жұмыс істей бер дейді. Қателеспесем, Мәлікке айына 80 тиыннан ақша төлеп тұрады", - дейді Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабек "Өмір жолы" деректі фильмінде.


Алғашқы қызмет

Мәлік Ғабдуллин 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" бөлімінің студенті болды. 

1935 жылдан 1937 жылдың қарашасына дейін Мәлік Ғабдуллин Өзбек КСР Ферғана қаласында отан алдындағы борышын өтейді. Кейін 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасады. 1938 жылы "Қазақстан пионері" газеті редакторының орынбасары, КСРО ғылым академиясының қазақстандық филиалындағы тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер міндетін атқарады.

Отан үшін от кешкен жауынгер

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Мәлік Ғабдуллин алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Ол соғыста аға саяси жетекші (политрук) болады.


Батырдың ерлігі

Мәлік Ғабдуллин майданда Иван Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік әскерлердің біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистерге жойқын соққы береді. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқастарда стратегиялық маңызы зор Бородино селосын жаудан тазартуда ерлігімен көзге түседі.

"Немістер шабуыл жасаған сәтте Мәлік бастаған топ соғыстың алдыңғы шебінде болады. Олармен байланыс үзілді. Басшылықтан "кері шегініңдер" деген бұйрық болады. Бірақ алдыңғы шептегі әскерлер оны естімей, қоршауда қалып қояды. Кейін Мәлік ағамыз әскерімен бірге қоршауға түскенін есіне алады. Ол барлық жауынгерді сапқа тұрғызып, "шепті не бұзамыз, не өлеміз. Жауға берілуге болмайды" дейді. Осылайша, ол жау қоршауын бұзып шығады", - дейді Мұратбек Оспанов.

 

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия:

Сыпайы болу үшін біреудің жымиуын күтпеңіз...  

Жақсы көру үшін, біреудің жақсы көргенін күтпеңіз..

Досыңыздың қадірін түсіну үшін, жалғыз қалуды күтпеңіз...

Жұмыс істеуді бастау үшін ең жақсы жұмысты күтпеңіз...

Кішкене бөлісу үшін көп болғанын күтпей-ақ бөлісіңіз...

Ақыл-кеңесті еске түсіру үшін қателесуді күтпеңіз...

Дұға ету үшін қайғы қатерге түсуді  күтпеңіз ...

Көмектесу  үшін реті келуін күтпеңіз...

Кешірім сұрау үшін біреудің жылауын күтпеңіз...

немесе  татуласу үшін керекті жағдайды күтпеңіз…

Күтпеңіз... Өйткені қанша уақыт қалғанын білмейсіз.

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 23.09.2021 14:30
Құрылған күні: 23.09.2021 14:30

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст