"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2 е сыныбы, «Күз мерекем, күз берекем» тәрбие сағаты.

Күні

25.10.2021

Тақырыбы

Берекелі, мерекелі Алтын күз!

Мақсаты

Оқушыларға күз сыры жайлы мағұлмат бере отырып, күз туралы түсініктерін молайту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату.Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсету шеберлігін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Күз мезгіліне байланысты суреттер, жемістер мен көкөністер көрмесі. Жапырақтар мен шарлар

Көрнекі құрал - жабдықтар

Стикер,қарындаш, суреттер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің  іс - әрекеті

Тыңдаушының іс - әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңбер:

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық аспан!

Армысың, құрметті Оқушылар!

Армысың, менің достарым!

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Сабақтың басы

Кіріспе сөз. Мұғалім:

Құрметті оқушылар. Біздің бүгінгі «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты іс - шарамызға қош келдіңіздер. Күз мерекесі бүгін біздің мектебімізге келіп жатыр. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде аталып өтеді. Жер ана мен табиғаттың адамға берген байлығын паш ету мерекесі.

Оқушылардың орындауында хор: «Күзгі вальс»

- Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды балалар.

Ми шабуылы

Балалар енді «Кім жүйрік» ойынын ойнаймыз. Мен сендерге сұрақтар қоямын. Сендер жылдам жауабын айтасыңдар.

1 сұрақ. Күзде қандай меркелер болады?

2 сұрақ. Күз айларын атап шығыңдар?

3 сұрақ. Құстар, шыбын – шіркей қайда кетеді?

4 сұрақ. Күз қандай болады?

5 сұрақ. Нан туралы мақал айтыңдар?

 

Келесі кезек сыныбымыздың дайындаған өлең шумақтарына :

 

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

 

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

 

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

 

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

 

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

 

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр етеді.

 

Кун суытып

Жапырақтар түседі.

Астық - жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

 

 

 

 

- сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл – күйді анықтау

Оқушымыздың орындауында «Топ – топ балапан» әні.

Сап - сарымаңай,
Сап - сарытоғай.
Соңғыәнінайтып,
Құскеттіқайтып.

 

Алақай! Алақай!
Шаттандыбалақай!
Күзтүсті, дәнпісті.
Айтамызалғысты.

 

Қамбатолдыастыққа
Алғыссаған алтын күз.
Біруысдәншаштықта,
Қап - қапқауыналдықбіз.

 

Көкмайсалыкөрікті
Алқаптағыкөпегін
Бұлкүндерікиіпті
Сары жібеккөйлегін.


Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

 

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызықкөпкүзде.

 

Жеттіжелмен алтын күз,
Жемісжинаусалтымыз.
Жиып - теріпболғансоң,
Той жасайдыхалқымыз.

-бір – бірінің өлең шумақтарын мұқият тыңдайды.

Рефлекция

Қыздардың орындауынды «Аққу» биі

 

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді

Кемелдеисін халқымыз.

 

Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз

Аянбаған ел үшін

 

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан - алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жамырап

 

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық – ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау

 

Сап - сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

 

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

 

Мұғалім: Күз ұсынып егісі мен жемісін

Әкеліпті халыққа бір молшылық.

Сары жапырақ алтындай болып төгілсін

Елімізде болсын әркез көпшілік – дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.10.2021 12:33
Құрылған күні: 29.10.2021 12:36

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст