"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

5 «В» сыныбының ата-аналар жиналысы бойынша ақпарат

31.03.2021ж 5 «В» сыныбының ата-аналар жиналысы зум платформасында өтті. Сынып жетекші "Мектеп, ата-ана, бала арасындагы байланыс» тақырыбында баяндамасымен бастады. Ата-ана және сынып жетекшінің бірігіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже болатындығын айтып өтті.Балалар бір жылдай онлайн формата оқыды. Оның әсері қандай екенін балалардың білім сапасынан аңғаруға болады.Сондықтан бірігіп балалардың тәртібі мен оқуына қолдау көрсетуіміз өте маңызды екенін естен шығармау керектігі туралы айтылды.

Сонымен қатар 3-і тоқсан қорытындысымен таныстырып өтті.Үлгерімі -100%, сапасы 38% көрсетті.   4-і тоқсанды мектепте оқитын болдық. Сабақ сағат 14-00-де басталады. Сабақ кестесін қосымша айтамын деп сынып жетекші айтып өтті.Тегін тамақтану туралы,мектеп автобустары туралы мектебіміздің соц.педагогі мәліметтер айтып өтті.

Бірнеше мысалдарды келтіре отырып, сынып жетекші қорытындылай айтқаны, мүмкіндігінше, балалардың сабақты сапалы оқуға, мектепті себепсіз босатпауға, мектеп ережесін ұстануға аса назар аударуын сұрады

  

Жаңартылған күні: 31.03.2021 20:01
Құрылған күні: 31.03.2021 22:42

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст