"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау", 11Ә сыныбы, Мукажанова Б.С.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау.»

Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық:оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көз қарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкескелуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік:мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Әдіс - тәсілдері:«Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.

Көрнекілік:мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (шарттық шеңбер құрып тілек айту, 3- топқа бөлу).

2. Оқушыларғасөз беру.

3. Постермен жұмыс.

4. Қорытынды

1. Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мыңмамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» деп, «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқымшықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – гетарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?  Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 – сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Енді осы мамандық дұрыс таңдау жайлы оқушыларымыздың ойын тыңдасақ

2. 1-оқушы:Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілгінің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

2-оқушы: Менің таңдаған мамандығым – байланысшы болу. Қазіргі таңда байланыс саласы адамзаттың басты қажеттілігі болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің міндеті – сапалы ақпарат жеткізу. Бүгінгі күні байланысшы мамандығын таңдауда қателеспегеніме сенімдімін. Ол үшін «ең бастысы –өз кәсібіңді жан –тәніңмен сүю және бар болмысыңмен бұдан да артығырақ жасауға ықыласты болу».

3-оқушы;Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі

4-оқушы: Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрі тнаңдау..Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдау да әр  адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

3. Енді топтық жұмысқа кезек берсек

1-топ: Дәрігер

2-топ: Информатик

3-топ: Бизнесмен

Қорытындылай келгенде, бұл мамандықарға деген бір қалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба – байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

11 сыныптар арасында «Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау», тақырыбында өткен кездесудін ақпараты ; Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аударсақ оқушылардың басым бөлігі биохим саласын және физмат мамандықтарын тандаған:

Қорытындылай келгенде, бұл мамандықарға деген бір қалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба – байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

  

 

 

 

Жаңартылған күні: 17.02.2021 12:32
Құрылған күні: 17.02.2021 12:32

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст