"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ уақытша математика пәні мұғалімі лауазымына конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі  уақытша  бос орынға орналасуға конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ уақытша    мектеп математика пәні мұғалімі лауазымына;

         - «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   Талапкер ауылы, М.Әуезов көшесі, 23, мекенжайы бойынша орналасқан телефон 8 7710006284, 87165124052

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

-үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан жоғары

-оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы,

-педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті:       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін;  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

      Лауазымдық міндеттері: 

  1. Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, сынып бөлмелерінде кестеге сәйкес сабақтар мен басқа іс-шаралар өткізеді;
  2. Мұғалімде әр тоқсандағы сабақтың тақырыбы бойынша тақырыптық жұмыс жоспары және әр сабақтың жұмыс жоспары болуы керек;
  3. Әр тақырыптағы жұмысында әртүрлі тәсілдерді, әдістер мен оқу құралдарды қолдануы тиіс. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады; белгіленген тәртіпте оқу құжаттамасын жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен сабақ айтуын бақылайды, ағымдағы бағаларды сынып журналына және күнделікке қояды, әкімшілікке қажетті есеп мәліметтерін уақтылы ұсынады;
  4. Мекеме Жарғысын, Ұжымдық шартты, ішкі еңбек ережелерін, осы нұсқаулықтың талаптарын, сонымен қатар мектептің ішкі актілерін, мектеп әкімшілігінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын сақтайды.

 

Лауазымдық жалақы мөлшері: 180 000  (жүз сексен мың) теңге.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру  мектептің  ресми сайтында соңғы жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде Целиноград ауданы, Талапкер ауылы, М.Әуезов көшесі 23, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.  

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер: Анықтама үшін телефон: +77759072935, 87165124052, Talapker_3om@mail.ru

         Осы лауазымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.07.2022 16:52
Құрылған күні: 21.07.2022 00:12

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст