"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – евуразиялық кеңістіктің мәдени белгісі. 7"Г" сыныбы, мұғалім: Кульмаганбетова С.Т.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – евуразиялық кеңістіктің мәдени белгісі

 

№15-сабақ.

Бөлім:

ҮІІ бөлім.

Қазақстандағы ұлттар достастығы.

Морфология.

(Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер)

Педагогтің аты-жөні:

Кульмаганбетова Саламат Турсыновна

Күні:  22.02.21ж

 

Сыныбы: 7 «Г»

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан – евуразиялық кеңістіктің мәдени белгісі

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1   Хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы  жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

7.4.4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнін, мәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің құрылы мен рәсімделуіне ,жанрына талдау жасайсың;

Лексикалық тақырыпқа қатысты тапсырманы орындауда   еліктеуіш сөздердің қолданысын түсінесің

 

Бағалау критерийлері

Мәтінді оқиды;

Құрылымына талдау жасайды;

Мәтіннің  рәсімделуіне талдау жасайды;

Еліктеуіш сөздерді ажыратады;

Еліктеуіш сөздерді дұрыс қолданады.

 

Құндылықтарға баулу:

 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу,түгендеу

 

 

Сабақтың ортасы

1-тапсырма.Тыңдалым тапсырмасы

Қазақстан халқы –көпғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет қазынасына енетін мәдени құндылықтардың иесі. Қазақстан ескерткіш саны бойынша,Үндістан,Қытай,Жерорта теңізі және Қиыр шығыс мемлекеттерінен кем түспейді.Қазақстан –ашық аспан астында мұражайы бар ел. Біздің елімізде 25 мыңнан аса жылжымайтын тарих,археология,сәулет және өнер ескерткіштері бар.89 мемлекеттік мұражайдың экспозиция қорында 2 мил 56 мың мәдени құндылықтар бірлігі жинақталған.3495 мемлекеттік кітапханаларда 66 мил 840 мың кітап,сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар сақталған.

Кең -  байтақ қазақ жері ежелден бері бүкіл еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болып келеді. Ертеде Қазақ даласынан шығыс және  Батысты байланыстыратын Ұлы жібек жолы өтті.Сол дәуірдің мирасы-ежелгі,ортағасырлық сәулет өнері мен мәдениеті қалыптасты. Осындай 218 нысан қазақстанның тарихы және мәдениетіи ескерткіштерінің тізіміне енді.

Бүгінгі күні осы ескерткіштердің көбі (Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жәнеТамғалы петроглифтер кешені т,б.) ЮНЕСКО-ның  дүниежүзілік маңызы бар ескерткіштері ретінде танылды. Қазақстанның мәдени бренді- Алтын Адам ескерткіші, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, отырар және Түркістан қалалары.

 

2-тапсырма.  Айтылым тапсырмасы

Мәтін құрылымына талдау жаса.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлімінде не жөнінде айтылған?

Негізгі бөлімінде қандай мәлімет берілген?

Қорытынды бөлімнің түйіні қандай?

 

Дискриптор 1. Мәтінді түсінеді

                     2.мәтін құрылымына талдау жасай алады.

 

3-тапсырма.      Жазылым тапсырмасы

Мәтіннің  рәсімделуіне талдау жасап, жаз.

Тақырыбы

 

Авторы

 

Ой бөліктері (азат жолдың саны)

 

Сілтемелер (графикалық кескіндемелер, суреттер)

 

 

 

 

 

 

Дискриптор: 1. Мәтіннің рәсімделуіне талдау жасай алады.

 

4-тапсырмаЖазылым тапсырмасы

Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын ажыратыңыз

1). Дос айтады: бермесең бұлт берем деп.

2). Мақтауға есіріп,

     Барынша көсіліп,

     Ырғалып қаңқ етті,

     Ірімшік жерге салп етті.

3).  Құржаң – құржаң етеді,

      Жер ұшық берген кісідей...

4).  Орынсыз ыржаң,

       Болымсыз қылжаң

       Бола ма дәулет, кәсіп бұл?

Дискриптор: Еліктеу сөздерді ажыратады.

5-тапсырмаЖазылым тапсырмасы

                 Берілген сөлемдерге еліктеу сөздерді қолданып жаз.

Мұражайда жүрген оның қолынан кітап жерге түсіп кетті.

Ұлы жібек жолына қарай жүгірді

Түркістан қаласына барғанда, оның дауысы қуанғаннан қатты шықты.

Дискриптор: Еліктеу сөздерді орынды қолданады.

 

6-тапсырма Жағдаяттық тапсырма.

Шетелдік қонақтар келді. Өз еліңмен,ондағы құнды мұралармен таныстыруды сұрады.Бір нысанды алып,таныстырыңдар.(Қожа Ахмет кесенесі)

 

 

Оқулық 118-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық 119 бет

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабақта

Мәтінді түсініп оқыдық;

Құрылымына талдау жасадық;

Мәтіннің рәсімделуіне талдау жасадық;

Еліктеу сөздерді ажырататып, дұрыс қолдана алдық.

 

 

 

Кері байланыс

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

 

 

                 Ақпарат

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – евуразиялық кеңістіктің мәдени белгісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: .2.3.1   Хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы  жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

7.4.4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнін, мәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің құрылы мен рәсімделуіне ,жанрына талдау жасайсың;

Лексикалық тақырыпқа қатысты тапсырманы орындауда   еліктеуіш сөздердің қолданысын түсінесің

Сабақтың типі: Қашықтықтан оқыту

Сыныбы: 7 «Г»                     Мерзімі: 22.02.21ж. Уақыты: 16.00

                       Барысы:

 1-тапсырма.Тыңдалым тапсырмасы. Оқылды.

 2-тапсырма.  Айтылым тапсырмасы. Мәтін құрылымына талдау жасау.

3-тапсырма.Жазылым тапсырмасы Мәтіннің  рәсімделуіне талдау жасап, жазу.           

4-тапсырма.   Жазылым тапсырмасы

Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын ажыратыңыз

5-тапсырма . Жазылым тапсырмасы. Берілген сөлемдерге еліктеу сөздерді қолданып жаз.

6-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Ахмет Иасауий кесенесіне таныстырылым.

Сабақтың соңында қорытындылап, кері байланыс жасалды.

  

Жаңартылған күні: 22.02.2021 17:58
Құрылған күні: 22.02.2021 18:00

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст