"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жас мамандар ӘҚ отырысы

Целиноград ауданы, Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің жас мамандар отырысы жайлы ақпарат

    Талапкер ауылы, жалпы білім беретін орта мектебінде ұстаздық қызметке алғаш кіріскен жас мамандарға тәлімгерлер: Жұмабай А, Есенгалиева К.Б, Егентаева Ф.А, Отарбаева К.Ж, Керимбаева А.Б тағайындалды.

Кәсіби маман ретінде қалыптасуына және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ZOOM платформасы  арқылы вебинарлар,кесдесулер ұйымдастырылып өткізілді.Жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, тәлімгерлер жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Жас мамандар» қоғамдастығының жетекшісі:Есенгалиева Кенжетай Баухановнаның ұйымдастырылуымен жас мамандарға  әдістемелік көмек көрсетілуде. Мектеп тренері, Жұмабай Асылбек тәлімгерлер және жас мамандармен  Үздік сабақ дегеніміз не? Тақырыбында семинар өткізді.

Кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыруда жас маманға қажетті көмек көрсете отырып, жас мамандарға сабақ жоспарлауды ұйымдастыру, сабақ жоспарын құруға әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 Ол отырыста  жас мамандарға сабақ дегеніміз не? Оның құрамы қандай? деген секілді сұрақтар қойыла отырып, сабақ және оның элементтері туралы түсінік берілді. Семинар барысында Үздік сабақтың қандай болуы керек екендігі және оған қалай қол жеткізуге болатындығы туралы айтылды. Сондай - ақ қазіргі кезде сабаққа қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Сыныптағы оқушы мен ұстаздың рөлі туралы айтылып өтті. Радио әдісі арқылы жас мамандар арасында сұхбат ұйымдастырылып, мұғалім өзін неге өзгертуі қажет? деген сұраққа жауап алынды. Отырыс барысында жас мамандар да өз ойларын ашық айтып, белсене қатысты.Жас мамандардың семинардан кейн алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген  ынтасын арттырып,білімді, ізденімпаз,  талапты азамат етіп тәрбиелеу екндігін айтып өтті. Отырыс соңында мектеп директоры Сағымбала Хасенқызы сөз сөйлеп, бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын,олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын  тұлға болуына  мектеп ұжымының да ықпалы өте зор екендігін  ашып айтты. Жас мамандарға өзінің тілегін айта отырып,  ақыл- кеңесін берді.

Қорытындылай келе  тәлімгерлер мен жас мамандардың қатысуымен өткізілетін осындай отырыстарды болашақта тағы да өткізу жоспарлануда 

Жаңартылған күні: 12.02.2021 16:08
Құрылған күні: 12.02.2021 16:19

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст