"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің I жартыжылдықтағы жұмыс есебі 2022-2023 оқу жылы

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

 орыс тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің І жарты   жылдық жұмысына

ЕСЕП

2022-2023 оқу жылы

 

Орыс тілі мен әдебиеті  пәні әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:

««Орыс тілін оқытуда инновациялық технологияларды  қолдана отырып, жан-жақты мәдени дамыған тұлғаны қалыптастыру»

Мақсаты: Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

Міндеттері:

  1. Мұғалім мен оқушы арасында орыс тілінде сөйлесу ортасын қалыптастыру;
  2. Үштілдік саясатты қолдау мақсатында өзге пән мұғалімдерімен орыс тілінде сөйлесуге дағдыландыру;
  3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  4. Бастауыш сыныптарына және емтиханға дайындаудың әдістемелік құралын әзерлеу;
  5. Ғылыми жоба, «Зерде» зерттеу жұмысына оқушыларды қатыстыру;
  6. Мотивациясы жоғары оқушылармен жұмысты жандандыру, әрбір мұғалімге олимпиадаға оқушы дайындау, жүлделі орынға қол жеткізу;
  7. Орыс тілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу шеберлігін қалыптастыру;
  8. Деңгейлік бағдарламасы бойынша окып шыққан мұғалімдер жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтарсерияларын іске асыру және деңгейлік бағдарламасы бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді үдеріске тарту;
  9. Оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;
  10. Жеке жұмыстар арқылы үлгерімі төмен оқушылардың білім деңгейін көтеру.

 

Тіл бірлестігінде қаралатын, пікір алысатын негізгі мәселелер:

  • Орыс тілі бірлестігінің жоспарын жасау.
  • Оқушылардың орфографиялық режимін сақтау барысын негізгі бір мақсатқа қою.
  • Мектепшілік алымында ұйымдастыру шаралары.
  • Оқу техникасын жақсарту барысында қойылатын талаптар.
  • Көркем әдебиет оқуды ұйымдастыру.
  • Ерекше оқушылармен жұмысты жақсарту.
  • Бақылау жұмыстарын алу, қорытындылау.
  • Емтиханға дайындау барысындағы практикалық тапсырмаларды талқылау.
  • Жылдық қорытынды бақылау барысында пікірлесу.

 

.

 

Орыс тілі мен әдебиеті  әдістемелік бірлестігінде 2022-2023 оқу жылында 8 мұғалім жұмыс істейді.

Педагог-зерттеуші -       Тлеуберді Сақып Сембықызы

Педагог-сарапщы-          Иманбалина Гүлнар Қыздарбековна

                                          Мукажанова Бибигуль Сагинбаевна

                                          Джолдаспаева Жұлдыз Мадиевна

                                          Ермегеева Майра Маратовна

                                          Мухамедгалиева Гүлжан Амирхановн       

Педагог-модератор -      Такенова  Аяжан Сабырбековна

Категориясыз –                Кайрбекова Сандуғаш Амирхановна

                                                   

 

Аттестация туралы мәлімет

 

Мұғалімнің аты-жөні1

Квалификация

Мерзімі

1

Такенова А.С.

Педагог-сарапшы

2023

 

      Күнтізбелік жоспар 2022-2031 оқу жылына арналған Нұсқаулық хат негізінде құрылды. ӘБ жоспары мектеп жоспарының негізінде құралды.

      Биылғы оқу жылында бірлестігімізден  1 муғалімТакенова А.С.аттестациядан өтіп педагог-сарапшы  категориясына өтініш берді.

       Қыркүйектің  05.09- 16.09.22 аралығында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай мектебімізде онлайн/офлайн іс-шаралардың жоспары құрылып,атқарылатын жұмыстар белгілі болды. Онкүндік аясында жоспар бойынша қазақ тілі, орыс және ағылшын тілінің пән мұғалімдері атысып, онкүндікті « Тіл – татулық тірегі» атаумен салтанатты (челлендж) жасалды. Мемлекеттік тілді дәріптеу, басқа тілді құрметтеу, үш тұғырлы тіл бағдарламасы аясында, нақыл сөздері мен мақал- мәтелдер, қабырға газеттерімен безендірілді. Салтанатты ашылуда оқушылар үш тілде өлең айтып, ән орындап, әдеби- монтаж өтті.Тек  аталған іс-шаралар қашықтан өтті. Бірақ, оқушылар мен ұстаздар  слайд жасап ,кейіннен фейсбук ,инстаграм парақшаларына жүктеп отырды. Барлық іс-шаралар үш тілде өтілді. Биылғы жылы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай « Ахмет Байтұрсынұлы –кемеңгер,қоғам қайраткері тақырыбында өтті.» 07.09 күні  9-11 сыныптар арасында  шығарма-эссе «Мой Независимый Казахстан» атты сайыс өтті. Өте жақсы жазылған эссе –шығармалар иелерін марапатталды. 09.09 күні Такенова А.С. пен Кайрбекова С.А. ұйымдастыруымен 5-6 сынып аралығында  «Лучше всех»  викториналық сабақ өтті. 13.09 күні  үш тілде  «Менің таңдауым – мемлекеттік тіл» атты өлең оқу байқауы өтсе, 14.09 күні «Үш тілді білу- елге үлгі болу» зияткерлік сайыс өтті.Әр ӘБ екі мұғалімдер қатысып,өз үлестерін қосты.15қыркүйекте  Иманбалина Г.К мен Мухамедгалиева Г.А. ұйымдастыруымен  «Королевство языков» викториналық сайыс жоғары деңгейде өтті. Онкүндік соңында Тлеуберді С.С.,Керимбаева А.Б және Кайкенова Ә.А. ұйымдастыруымен Внеклассное мероприятие «Дәуірдің жарық жұлдызы»,  посвященное 150-летнему юбилею  поэта,тюрколога и ученого-лингвиста Ахмета Байтурсынова ,Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты танымдық іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

21.11-02.12 аралығында мектепте орыс тілі және әдебиеті ӘБ жоспар бойынша декада жұмыс жоспарын бекітіп, уақытымен жұмыстарды өткізіп отырды.

Жаңартылған күні: 18.01.2023 11:49
Құрылған күні: 18.01.2023 11:49

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст