"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ғасырлар шырағдары

                                                                                                    Ғасырлар шырағдары

       Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

      Жан-жақты  талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызымет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

      Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мәдениетіміздің тарихында үркердей саңылықтардың бірі болған еді. Ол өзінің барлық шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді, мәденениетті елдердің қатарына қосу еді.

      Ағымдағы жылда Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толғалы отыр. Осыған орай мектебімізде көптеген іс – шаралар жоспарланып өтілуде. 9-сынып жетекшісі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» тақырыбында Ы.Алтынсарин шөберелерімен онлайн кездесу болып өтті.

       Кездесу мақсаты: оқушыларды, ұстаздарды ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шөбересі Жұмакүл Бәйдібекқызымен кездестіріп, Ыбырай ұрпақтары жайлы жан-жақты мәлімет беру; ағартушының өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, білімді, еңбекқор, мейірімді, сонымен қатар ұлыларын ұлықтай білетін патриот тұлғалар тәрбиелеу.

       Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу қаласында тұратын  Ы.Алтынсариннің шөбересі Аманкельдинова Жұмакүл Бәйдібекқызымен мектеп оқушылары, ұстаздар онлайн кездесті. Жұмакүл апай Ы.Алтынсариннің Абдолла деген ұлынан туған немересі, яғни өзінің анасы Нағима жайлы, бүгінгі таңдағы ұрпақтары туралы біраз деректер айтты. Атасы Ы.Алтынсарин және оның Қостанай қаласында ашқан мектептері жайлы кеңінен мәлімет берді. Ағартушының мерейтойлары кезінде Қостанай, Астана қалаларында өткен республикалық, халықаралық бірнеше кездесулер жайлы бөлісті. Нағима әженің басшы Д.А.Қонаевпен кездесуі, сонымен бірге Ыбырай ұрпақтарына арналған шежіре туралы сыр шертті. Сынып жетекші Ж.Т.Байсеркеева да Нағима әжемен, Жұмакүл апайлармен бір ауылда бір көшеде көрші болып тұрғандарын мақтан ететінін айтты. Бала кезінде есінде қалған Нағима әже жайлы естеліктерін ортаға салды. Сонымен бірге оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармалары жайлы мәліметтерді көрермен назарына ұсынып, жазушының тәрбиелік мәні зор шығармаларына тоқталып өтті. Ақынның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін Әлдікенова Маржан мәнеріне келтіре оқыды. Ағартушының ұрпақтарына, қызметіне, еңбектеріне арналған презентация көрермен назарына ұсынылды. Кездесу соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлмағамбетова С.Т. және тарих пәні мұғалімі Рахимов Е.Т. сөз алып, қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.

       Ғасырлар шырағдарының шөбересімен кездесуді  қазіргі қиын уақытта онлайн өткізген оқушылар үшін тағлымы мол кездесу болды. Ата – аналар тарапынан да алғыстар шексіз айтылып жатыр.

  

 

 

      Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кульмаганбетова С.Т.

      Талапкер ауылы. №3 орта мектеп

Жаңартылған күні: 28.01.2021 19:36
Құрылған күні: 28.01.2021 19:36

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст