"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай қашықтықтан «Мұқағали Мақатаев жыр алыбы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       Талапкер ауылының  жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында  Мұқағали Мақатаевтың  90 жылдығына орай  қашықтықтан «Мұқағали  Мақатаев жыр алыбы»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Көрменің мақсаты: ақын шығармашылығының   басты тақырыбы -  туған өлкесі, отаны, қазақ халқының  тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге  құштарлық, мейірімділік, әйелге сүйіспеншілік, қамқорлығы туралы.

      Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас  шеберлікпен ,тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық  мінсіз үйлесіммен , әр жүрекпен тіл табысар  сыршыл да шыншыл  сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдарымен  бедерлеп , өлмес өнері  деңгейінде  туындатып отырған.

Жыл керуені алға жылжыған сайын  Мұқағали  Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан  құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес  Мұқағалидай  перзенті бар халық шынымен бақытты халық!

   Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын  жаттаған жас қауым да  ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. 

Жаңартылған күні: 09.02.2021 17:40
Құрылған күні: 09.02.2021 17:40

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст