"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Ауған жауынгерлерінің ерлігі" Сынып жетекшісі: Какенова Ш.Ч., сынып: 6 "Ә"

Күні: 15.02.2021ж

Сынып: 6 «Ә»

Сынып жетекші: Какенова Ш.Ч.

Сабақтың тақырыбы:

Ауған жауынгерлерінің ерлігі

Сабақтың мақсаты:

Ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Оқушыларға Ауған соғысы жайлы     толық мәлімет беру; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
 

Көрнекілігі

Ауған соғысына арналған слайд, ауған соғысы ардагерлерімен өткен сұхбат видео-ролигі

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

Армысыздар құрметті оқушылар.Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32   жыл толуына арналған сынып сағатымызды бастайық.
 

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім-Қазақстан Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі.

Жұрттан озған ел боламыз,сеніңіз

Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

 

Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.Солардың ішінде Ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау –өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.

1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

-Бүгінгі біздің сынып сағатының мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу.Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.

-Ауған соғысының аяқталғанына 2021 жылғы ақпанның 15-ші жұлдызында 32 жыл толды.Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес.Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің көзсіз батырлығы ұрпақ санасында.

-Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі.1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 10 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер-Ауғаныстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.

 

-Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.

 

Слайд арқылы мәлімет беру, видео-сұхбат көрсету

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.

Елімізді жерімізді жаудан қорғаған батыр аға-апаларымызды мәігілік есімізден шығармайық оқушылар. Аспанымыз ашықы, еліміз тынышы, бейбіт өмір сұрейік. Осымен сабағымыз аяқталды.

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

«Әлемде соғыс болмасын» тақырыбында эссе жазу

 

Жаңартылған күні: 15.02.2021 10:54
Құрылған күні: 15.02.2021 10:54

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст