"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.

     Осыған орай, мектеп кітапханалары да қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы  арқылы өз  жұмысын бастады.

   Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.

«Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады»,- деді министр Аймағамбетов өз жазбасында.     

      Ол үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет.

Оқуға құштар мектеп" жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.
Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын. нығайту..

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім”- деп тегін айтылмаған ғой. Мектеп кітапханасындағы қаншама әдеби кітаптарымыз баршылық. Осы орайда  бәрімізді өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапты  көп оқуға арнасақ.

 Оқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз “Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады” – деп бекер айтпаған. Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41- қара сөзінде “Кітап – жан азығы жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады”-делінген.

        "Жақсы кітап - ақылдың кені, кісіліктің кілті" демекші мектеп оқырмандарын әдеби кітаптарды оқуға шақырамыз.

 

Жаңартылған күні: 24.02.2021 14:42
Құрылған күні: 24.02.2021 14:42

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст