"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«1-наурыз Алғыс айту күні!» Сыныбы: 5 «Г» Мұғалім: Кайрбекова С.А.

Күні: 28.02.2022 

Сыныбы: 5 «Г»       

Талапкер ауыл жалпы  орта білім беретін мектебі                   

Мұғалім: Кайрбекова С.А.

Сабақтың тақырыбы:

«1-наурыз Алғыс айту күні!»

Сабақтың мақсаты

Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрену

Көрнекілігі:

  Интерактивті тақта, музыка, бейнелі суреттер, микрофон, карточка, стикерлер, маркерлер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Сыныппен амандасу, сыныпты түгендеу,

Ресурстар

Сабақтың барысы

I.  Өмірге риза болып, алғыс айт.

- Қайырлы күн, балалар!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

Бұл жайма шуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан Сара Алпысқызының бастамасымен аталынып, өткізіліп келеді.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.

Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".

-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі  Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен.

 

 

Бейнебаян

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...

Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.

- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.

Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.

- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?

- Осы шаңырақта кімдер тұрады?

- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары  үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.

Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!

-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?

 Атам-ақыл бағбаным,                                                        Ағам-қамқор,асқарым,

Әжем-асыл ардағым.                                               Інім-мөлдір аспаным.

Әкем- өмір тірегім,                                                 Қарындасым-қанатым

Анам-күнім,жүрегім.                                              Биіктерге қонатын!        

       

Ал енді балалар қазір біз шағын жағдаяттарға қарай көрініс қоятын боламыз. Ол үшін әр қатардан оқушылар тақтаға шығып, өздері тандап алған көріністі көрсететі.                            

1. 1-топ.  Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау  сәтін  сахналау; ( мұғалім мен оқушы)

2-топ. Ағалы- қарындас  туыстардың үйге келген

қонақтарды күтіп алу сәтінсахналау;

(екі қонақ ,қыз және ұл бала)

3-топ. “Ұландар” тобының қарттар үйіне барып,                                                                                     қайырымды іс  жасау сәтін  сахналау.

 

Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.

(Балалардың ойларын ортаға салу.)

1.      Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.

2.      Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.

3.      Тілін алып, кішінің де кәрінің

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің

Үлкендердің айтқан сөзін тыңдауды

Әдептілік белгісі деп таныдым.

4.      Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі

Үлкендерге сіз деген

Алдын үлкен кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Әдеппенен үлкенге

Сәлемдесіп жол берем.

5.      Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.

Міне, балалар отбасында сыйластық, сүйіспеншілік, береке мен бірлік, ынтымақ болу керек екен. Халқымыз "Отан - отбасынан басталады", "Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі", "Отбасы шағын мемлекет" - деп тегін айтпаған. Осының бәрі болған жағдайда барлығы бірігіп, бір шаңырақ астында кішкентай шағын мемлекет құралады екен. Өйткені әр отбасының мықтылығы, әр елдің ,әр мемлекеттің мызғымас беріктігіне үлкен үлес қосады екен.

III. Бірлігіміз жарасқан -

       Таусылмайтын жыр дастан.

- Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?

- Мемлекетіміз қалай аталады?

- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?

- Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет..

- Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өлең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

  

Рефлексия:

«Сиқырлы сандық» жаттығуы

Жақсы әуен ойналып тұрады.

-Мен «1,2,3» дегенде көзімізді жұмамыз, мен өзім әрқайсыңның қасыңа келіп,сиқырлы сандықты ашамын «мұнда қара және оған жыми» дегенде көзіңді ашып жымиясың (сандықшаның ішінде айна болады. Оқушы көзін ашқанда өзін көріп, жымияды).Барлығы көздерін ашқанша ойынды солай жалғастыра беремін.  

 

-Жақсы балалар!(Жаттығу бойынша ойларын тыңдау).

-Сиқырлы сандықтың ішінен кімді көрдіңдер?

- Әрине, өздеріңді.

-Біз әрқайсымыз кімбіз?

-Дұрыс, әрқайсысың қайталанбас тұлғасыңдар, айнадағы көрген адамдай сендер үшін ешкім күле алмайды,сендер үшін дәл сен сияқты қайырымды мейрімді,жомарт,ақылды,кішіпейіл бола алмайды.

 

Қорытынды

Бүгінде ұлт көшбасшысы саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!

Бұл үшін Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз.

 

сандықша

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 01.03.2022 16:13
Құрылған күні: 01.03.2022 16:13

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст