"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жас зерттеушілер» үйірмесінің жылдық жұмысының есебі

Қазіргі заман талабына сай білім беру барысында тарихи бағыттағы «Жас зерттеушілер» үйірмесінің алар орны ерекше.

Оқушылар тарихи материалдарды жан-жақты зерттеп, саралап, меңгерді. Үйірме жұмысы барысында оқушылар бірлікте жұмыс жасай отырып, өз қабілеттерін арттыра түсті. Материалдарды іздестіріп ғана қоймай, сонымен қатар, іс жүзінде көруге мүмкіндік алды.

Мұражайларға, тарихи маңызы бар орындарға бару арқылы өздерінің рухани білімдерін жетілдіре түсті. Әр оқушы өз шығармашлық қабілеттерін арттыра түсті.Туған өлкенің табиғатынан бастап, қазіргі жағдайына дейінгі кезеңдер бойынша бірнеше тапсырмалар орындады. Оқушылардың туған жерге, Отанға деген ыстық ықластарын, бойларындағы адамгершілік, еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту басты міндет болып табылады.

Топтық, жұптық жұмыс жасау әдіс-тәсілдері бойынша жұмыс жасайды. Зерттеу жұмысын жасап , талдау жасау арқылы  оқушылардың ой-өрісі, сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасады.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
    Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушылар үшін үйірме жұмыстарының маңызы өте зор. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жетістіктері өте көп.

Бәсеккеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
    Қазіргі заман талабы  оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу-ізденушілік жұмыстарды төменгі сыныптан бастау қажет.

   Оқушылардың зерттеу шығармашылығын дамыту қазіргі таңда негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып,  шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет болып есептелінеді.

 Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері,  жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Оқушылардың үйірмедегі шығармашылық жұмыстары осының дәлелі. Педагог ғалым А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ -  дейтін қанатты сөзі, мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.

     Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасау арқылы жетістіктерге қол жеткіздік.

Үйірме жетекшісі: Сейткарімова А.Т.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 30.10.2020 07:12
Құрылған күні: 30.10.2020 07:19

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст