"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіз елдің жаңа белесі!» сынып жетекшісі: Сейлбекова Г.М., сынып 7 "Г"

«Тәуелсіз елдің жаңа белесі!»

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, еліне жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың санасына жеткізу.

Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету, мемлекеттіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер. «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып суреттер қойылды.

Тәрбие сағатының өтуі:

1-Жүргізуші: Армысыздар  Құрметті де Қадірменді ұстаздар және  оқушылар!Бүгінгі «Тәуелсіз елдің жаңа белесі!» атты тәрбие сағатқа қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 30- жыл толғалы жатыр. Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең-байтақ қасиетті топырақта өніп-өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 19 миллионнан асып отыр. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі,астанасы-Нұрсұлтан  қаласы.

2- жүргізуші: 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 30-жыл толғалы отыр, 30-жылда жеткен жетістіктеріміз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы. Біз өзіміздің әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің 30- жылдығына арналған іс-шаралар елімізде, мектебімізде жалғасын тауып жатыр. Біздің бүгінгі 7- «Г»  сынып оқушылардың сіздерге арнап дайындаған концерттік бағдарламасын ашуға рұқст етіңіздер.

1-жүргізуші:Тәрбие сағатымызды ашу үшін мектебіміздің директоры Абеева Сағынбала Хасеновнаға   сөз кезегін береміз.

Алдарыңызда  биші қыздарының орындауында Мереке биі. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Рахмет қыздар.

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Көрініс «Егемендік деген не?»  Орындайтын 7- «Г» сынып оқушылары .(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
(атасы мен немересі ойланып отырады)
Немересі: Ата, ата біз мектепте тәуелсіздік туралы өлең жаттадық. Айтып берейін бе?

Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

 

1 оқушы:

Тәуелсіздік-асқақ рух пен асқақ үн,

Тәуелсіздік –баға жетпес асқағың.

Толса –дағы 30  жасқа азат күн,

Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың.

Ата-бабам арман еткен ежелден.

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен,

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен

 

2 оқушы:

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен,

Еркіндігін елінің сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – деген....
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты. Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды. Осы жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып тағып соттады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің 1991жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 індегі оқиғаларға қатысқандығы үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қылмыстық Кодестің 65-ші бабымен Қ Рысқұлбеков ақталды деп танылды.

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді.

 

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын.

1- жүргізуші: Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құйды.

2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді,міне Парижде өткен «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді.

 

1-жүргізуші: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.

2-жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!

1-жүргізуші: Көк тудің желбірегені хор

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,

Жаңартылған күні: 14.02.2022 13:17
Құрылған күні: 14.02.2022 13:17

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст