"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА БІРЛЕСТІГІНІҢ 2021-2022 оқу жылындағы жартыжылдық есебі.

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА БІРЛЕСТІГІНІҢ

2021-2022 оқу жылындағы жартыжылдық есебі.

       Математика және информатика бірлестігінде  он алты мұғалім жұмыс істейді.

     Оның 11-і  математика пәні мұғалімі,5-і информатика пәні мұғалімі. Педагог зерттеуші (жоғары санатты)-2 Жоғары санатты-3 Педагог сарапшы-6

ІІ санатты-1 Модератор-2

Бірлестік мұғалімдеріне жүктемелер бөлініп беріліп, стандартқа сай ұзақ мерзімді жоспар құрылып бекітілді.Пән бойынша әрбір сыныпта бөлім бойынша  және тоқсандық жиынтық бақылаулар алынып, оқушыларға уақытында қорытынды бағалар қойылды.

              Барлық мектепішілік іс-шараларға  қатысып отырдық. (сенбілік, кезекшілік)

   Қазан айының 11-21 аралығында математика және информатика бірлестігінің  онкүндігі өткізілді.

Тақырыбы: «Шексіздікті қамтыған ғылым»

Мақсаты: Математика және информатика сабақтарында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,  оқушылардың  білім алуға қызығушылығын арттыру.

   Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады деп әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби айтқандай тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға бағытталған сыныптан тыс іс- шаралар, семинар сабақтар және сайыстар байқауы өткізілді. Атап айтсақ 11.10.21 күні Апталықтың ашылуы «математика және информатика» пәндеріне байланысты өлең жолдарынан  видеоролик түрінде 7-8 сыныптар арасында пән иелерінің ұйымдастыруымен, 12.10.21күні «Логикалық операциялар» тақырыбында  10 «а» сыныбында Магзумова Р.С.,   «Графикалық ақпаратты екілік кодта ұсыну» тақырыбында   5«ә» сынып сыныбында Кәкенова Ш.Ч. Мастер класс: «Оқыту платформалары» тақырыбында   мұғалімдер арасында Жұмабай Асылбек көптеген түсінік берді.       13.10.21 күні «Не? Қайда? Қашан? »тақырыбында  6-сыныптар арасында сайыс сабақ  Сейдахметова Л.Қ.    «Антивирустық қауіпсіздік» 7 «г» сыныбында  Сәрсембаева Г.Ә  14.10.21 күні  «Операциялық жүйе» тақырыбында  6 «г» сыныбында     Бимағамбетов Қ.М. «Анықталған интегралды геометриялық есептерді шығаруда қолдану» 11 «а» сыныбында  Бидалова А.К. «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру» 8«ә» сыныбында Айхожаева Г.Ж. Эрудит 7-сыныыптарда Абжанова А.Н.сыныптан тыс  «Жай бөлшектер» 5«е» сынып Алеш Ерболат,«Үшбұрыштың орта сызығы» 7 «ғ» сыныбында Байжұма Сербол 15.10.21 күні «Сымсыз желілер» 6 «е» сыныбында Қазиева Ж.С. «Абайдың қара сөздеріндегі математикалық терминдердің көрінісі» тақырыбында  10«ә» сыныбында Байжұма Сербол әдебиет пәнімен пәнаралық байланыс жасай отырып сыныптан тыс сабақ, 18.10.21 күні «Көпмүшелер.Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі» 7«ғ» сыныбында Абжанова А.Н. «Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану» 7«ә» сыныбында Бибакирова Р.Ш.ашық сабақтар өткізді  және  онкүндікті қорытындылау мақсатында 20.10.21 күні информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Роботтар лигасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Бұл сайыста оқушылар өздерінің құрастырып дайындаған  роботтарын көрсетті.Ұстаздар және оқушылар қызықтап әділ-қазылар алқасы топ мүшелеріне орындар тағайындап мақтау қағаздарымен марапаттады. Бұл оқушылар былтыр ауданда сайысқа қатысқан оқушылар болды. Әрі қарай білімдерін шыңдай түсуге тілектер білдірілді .Онкүндік жоспар бойынша уақытында өткізілді.Онкүндікте өткізілген материалдар мектеп сайтына салынып отырылды. Қараша айында пән бойынша өткізілген мектепішілік олимпиадаға 10оқушы қатысып, аудандық олимпиадаға 3 оқушы жолдама алды. 11сынып оқушысы  Өмірзақова  А., 10-сынып оқушысы Мұрат Аңсар,Тұрсынәлі Мадиар 9сынып оқушысы ,информатика пәні бойынша 10- сынып оқушысы Күлшарипов Елдос .  Үйден оқыту бойынша « Инклюзивті аралас оқыту»тақырыбында 14 сағаттық курс өткізіліп ,сабақ беретін мұғалімдер БидаловаА.К. Байжұма Сербол сертификат алды. Республикалық «Теле-сабақтар» жобасы аясында көрсеткен шығармашылық ұстанымы,білім беруге қосқан үлесі үшін берілген алғыс хатпен математика пәнінің мұғалімдері Айхожаева Г.Ж. Сейдахметова Л.Қ.және Қазақстан тәуелсіздігіне  30 жыл толуына байланысты Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін берілген Құрмет грамотасымен Бидалова А.К. марапатталды. 01.11.21-12.11.21 ж аралығында математика пәнінің мұғалімі Аубакирова Р.Қ. информатика пәнінің мұғалімдері  Мағзумова Р.С. Какенова Ш. Мақыш С.Қазиева Ж.С.«Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру»тақырыбында өз білімдерін көтерді. Пән бойынша үйірме жұмыстары жүргізілді. Бірлестік мұғалімдері мектепішілік іс- шараларға белсене қатысып отырды.Әдістемелік бірлестіктің отырысы өткізіліп,жартыжылдық  қорытынды  жасалды.                     

                                                         Бірлестік жетекшісі: Бидалова А.К.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 12.02.2022 20:02
Құрылған күні: 12.02.2022 20:05

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст