"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы» (қашықтық тәрбие сағаты) Сынып жетекшісі: Бекетова Ж.Б. Сыныбы: 4 «Д»

Күні

22.02.2021ж

Тақырыбы

«Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы»

 

Мақсаты

Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы
мағлұмат беру. Ақын өлеңінің мағынасын, тақырыбын ашу.
Оқушыларды өз бетімен поэзияны оқуға, оны жан-жақты
түсінуге жеткізу, шығармашылықпен жұмыс істеуге
дағдыландыру. Ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
 

Күтілетін нәтижелер

Қызығушылығын арттыру, поэзияны құрметтеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Зум платформасы

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

 

-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті

 

-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді

 

-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

 

Сабақтың басы

Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті. 
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. 

 

Слайдта бейнеленген суреттерге қарап, мәліметтерді тыңдайды

 

Ми шабуылы (5мин мин)

 

 Жамбыл Жабаев 100 жасаған ақын. Бүгінде туылғанына 175 жыл толуына орай ақынның шығармашылығына тоқталып өтсек.

7-8-9-слайдтарға назар аудару

 

 

Оқушылар өз ойларын түйіндейді

 

 

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

«Сабақтан алған әсер»

  1. Жамбыл Жабаев  туралы не білдім
  2. Сұрақ – жауап:
  • Ж.Жабаев қай халықтың ақындарымен айтыысқан?
  • Ж.Жабаевпен кездескен атақты күйші кім?
  • Ж.Жабаевтің шәкірті кім?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлекция (5мин)

Қорытындылау

 

 

     

 

Жаңартылған күні: 24.02.2021 11:56
Құрылған күні: 24.02.2021 11:56

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст