"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Онлайн дөңгелек үстел «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік». 9 сынып

Талапкер ауылы №3 орта мектептің 9  сынып оқушыларымен «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің ақпараты

Дөңгелек үстел мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Дөңгелек үстел барысында сынып жетекші Байсеркеева Ж.Т. сөз алып, «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» тақырыбында оқушыларға жан-жақты мәлімет берді, арнайы дайындалған презентация, бейнеролик ұсынылды. Тәртіпке байланысты мақал-мәтелдер, би-шешендердің нақыл сөздері еске түсіріліп, талқыланды. Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған Целиноград аудандық полиция бөлімі қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаныМырзабек Бахытұлы Тайжановқа сөз беріліп, оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу, құқық бұзған балалардың есепке алынуы, есепке алынған балалардың болашақтарына тигізер зияндары жайлы және кешкі мезгілде сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-аналарсыз жүруге тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен бірге мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Асанова А.Б. және Хамзина Г.А. қатысып, учаскелік инспекторға бірнеше сұрақтар қойыды, сынып жетекшілер балаларғақұқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде мәліметтер айтты.Оқушылармен тәртіпке байланысты нақыл сөздер құрастыру ойыны ойнатылды. Ұсынылған түрлі ситуациялық жағдайларға байланысты өз шешімдерін айтты. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті, тәртіп, заң, қауіпсіздік жайлы қорытқан ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Жаңартылған күні: 10.01.2021 22:42
Құрылған күні: 10.01.2021 23:05

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст