"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

9-сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы, тек икемділігіңе қарай таңда» тақырыбында мамандық иелерімен онлайн кездесуі

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы, тек икемділігіңе қарай таңда» тақырыбында мамандық иелерімен онлайн кездесу ақпараты

Кездесу мақсаты:

Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушыларға мамандық түрлері, қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар жайлы сынып жетекшілер сөз алып, мәліметтер берді. Мамандық таңдауда өз қабілетіне, мүмкіндігіне және елімізде сұранысқа ие болуына қарай таңдау керектігі ұсынылды. Тақырыпқа сай видеоролик, презентациялар таныстырылды. Сыныптан тыс іс-шарада Нұр-сұлтан қаласында орналасқан Басқару колледжінің маманы Кабдрашев Нұржан Жарқынұлымен тамаша сұхбат болып өтті. Нұржан Жарқынұлы оқушыларға мамандық таңдаудың қыр-сыры жайлы сыр шертіп, өз мамандығын сүйіп атқарып, мақтан тұтанынын айтты. Сонымен бірге кездесу қонағы Басқару колледжі жайлы толық ақпарат беріп, оқушы мен ата-ана көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

Жаңартылған күні: 21.02.2021 18:35
Құрылған күні: 21.02.2021 18:46

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст