"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ерекше білімді қажет ететін балалардың дарынды болуы. Жакенова Г.

Ерекше білімді қажет ететін балалардың  дарынды болуы.

Мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балалардың  дарындылығын,  мінез – құлқындағы ерекшеліктерін зерттеу,  өзіміздің ортамызға  тарта отырып , олармен қарым –  қатынасымызды  дұрыс ұйымдастыру және  жетістікке жету жолдарын анықтау

       Ең бірінші ерекше білімді қажет ететін  адам – ол адам, содан кейін барып мүмкіндігі басқа жандарға қарағанда шектеулі. Сол себепті ерекше білімді қажет ететін  жандардыңда бойында таланты болады.

      Сүйікті ісі мен дарынның айырмашылығы ерекше білімді қажет ететін  балалар үшін жоқ. Сол себепті балаға жасаған бағыт ұнайтын болса, сол бағыттан оқушы қуанып, қайта сұрайтын болса сол бағыт бойынша дамытуға болады.

     Ерекше білімді қажет ететін  балалардың дарынын анықтаудың жолдары: 1.Бақылау 2.Тексеру 3.Ынталандыру

     Бақылау:Өзі аты  айтып тұрғандай баланы күнделікті  бақылау арқылы  дарынын анықтауға болады. Көп жағдайда балалар ынталарын үй жағдайында көрсететін болады. Себебі үй жағдайы оқушылар үшін өз ортасы,  үйреншікті жері  және тыныш болып келеді. Бақылау жұмыстарын бала өзі қалаған жағдайда жүргізген  дұрыс.

     Тексеру. Бұл бөлімде оқушыны барлық үйірмелерге апару арқылы анықтай аламыз. Егер оқушы барған үйірмеде өзін тыныш ұстай білсе, оқушының қызығушылығы бар деген сөз.  Ал егер ынтасы мен қызығушылығы болмаса, оқушының тәртібі бұзылатын болады.       Сонымен қатар, баланың  1,2 сабағына қатысып талантын анықтау мүмкін емес,  кем дегенде 7,8 сабақтан кейін барып анықтауға болады. Тағы айтарым үйірменің қызық болуы жүргізіп отырған  мұғалімге де байланысты болады.

     Ынталандыру. Бұл бөлімде ата-ананың атқаратын рөлі өте маңызды. Ата-ана баласы үшін бағытты таңдап,  сол бағытта өздері де  баламен бірге жұмыс жасайтын болады. Балаға үйретіп қана қоймай мақтап, мадақтап нәтижесін көрсетіп отырады.

     Жалпы,  ерекше білімді қажет ететін  балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап  жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

• Ерекше білімді қажет ететін  бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;

• Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;

• Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру;

• Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін,оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау;

• Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу;

• Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.

        Педагог-психологтың ерекше білімді қажет ететін  балалармен изотерапиялық жұмыс жасудағы ерекшеліктері:

 -Эмоционалды қорғау

-Шығармашылық  мақсат қою

-Тақырыпты ашуға Эмпатиялық қабылдауына өңдеуге мән беру, көмектесу

        Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:

 1)баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық  дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету

 2)педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау,  оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.

 3)арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар ерекше білімді қажет ететін  балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.

      Ал,  ерекше білімді қажет ететін  балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді. Ата-ана тарапынан: ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік болуы тиіс. Сабырлық сияқты қасиеттер Ерекше білімді қажет ететін   балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ, жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.

     Республика сатысында ерекше білімді қажет ететін  балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолданылуда. Дамуы күрделі балалардың білім алуына көрсетілетін қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептерде есту, сөйлеу, көру қабілеті төмен, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар әліде ашылуда.

      Қорытындылай келе бүгінгі заман талабы арнайы педагог мамандарына әртүрлі ерекше білімді қажет ететін  балалардың жүрегінен жол таба білетін, білім-біліктілігі жоғары, жаңашыл, іздемпаз ерен қасиет иесі болуы қажет.

Жаңартылған күні: 24.02.2021 11:17
Құрылған күні: 24.02.2021 11:17

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст