"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Атаның ақ батасы», 2 сыныптар

Ақпан айының 18-күні 2-4 сыныптар арасында «Атаның ақ батасы» тақырыбында отбасы құндылықтарын сақтау, атадан бата үйрену мақсатында онлайн видео челленджі өтті.

Мақсаты: Білім алушыларға батаның мағынасын түсінуге, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерден өнеге алуға баулу. Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып, үйренуге тәрбиелеу.

Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады дейді. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата-қазақ салт дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен кіші әр сөзбен ықыласпен тыңдайды. Батаменен ел көгегер,жаңбырменен жер көгерер деген сөз тегін айтылмаған.Батаны  абыройлы, салиқалы адам берген.

Бұл челленджге 2 сыныптар толық қатысты. Әр сыныптан қатысқан оқушылар аталарынан бата алып, батаның мағынасын түсінді.

Жаңартылған күні: 19.02.2021 09:21
Құрылған күні: 19.02.2021 09:21

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст