"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: «Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар», 6 “Ж” сыныбы, Казиева Ж.С.

Күні:

19.09.2022

Сыныбы:

Сынып жетекшісі:

6 “Ж”

Казиева Ж.С.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар»

Мақсаты:

Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.О.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Әлемге әйгілі, біртуар жазушы, ғасырлық туындының иесі М.О.Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, алдыңғы буын әдебиет өкілдерін құрметтеп, олардың шығармашылығын терең меңгеріп, ұлттың қамын жейтұғын, отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру барысында, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық әрі еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қара сөзге деген көзқарасын дамыту.

Көрнекілігі:

М.Әуезов портреті, кітаптар көрмесі, М.О.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық қырын насихаттауға арналған слайд парақшалары, бүктеме, қабырға газеті.

Сынып  сағатының  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әлемге әйгілі – Әуезов» деп аталуының басты себебі, биыл барлығымызға белгілі ғасырлық туындының иесі, заңғар жазушы, ұлы суреткер М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толып отыр. Ендеше, қоғам қайраткерінің мерейлі мерекесі күллі қазақ қауымының, қаны қазақ, жаны қазақ әр адамның мерекесі екені анық. Сондықтан да, бүгінгі тәрбие сағаты барысында барлығымыз бір кісідей жұмыла бірігіп, ұлы тұлғаның шығармашылық қырымен, өмір жолымен танысатын боламыз.

Алдымен, М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылық қырына тоқталып, шығармалары жайлы мағлұмат алмасайық, иә, балалар?

Болашақ суреткер, Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 1897 жылы қыркүйек айының 28-жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысына (бұрынғы Семей облысы) қарасты Абай ауданының Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты, көзіқарақты, сөз өнерін қадірлейтін жандар болған. Атасынан ескіше сауатын ашқан Мұхтардың бала кезінен сусындап өскен рухани қазынасы – Абай өлеңдері. Бұл жөнінде жазушы: “Абай шығармаларын мен жастайымнан біліп өстім. Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өз өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын. Біз болсақ, Татьяна кім, Онегин кім, онда жұмысымыз жоқ, атамыздың айтқанын істеп, жаттай бердік” – деп кейінірек есіне алатын болған екен.

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым. Ұлы жазушы, данышпан ойшыл, ғұлама ғалым, асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезов.  Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі. Ол талай жер теңселтіп, ел сенделткен әлеуметтік сілкіністердің, қиялды қысыратып, сананы тоқыратқан түбегейлі өзгерістердің жаппай теңдікке ұмтылып, елдікке құлшынған рухани буырқаныстар кезеңі болып, тарих қойнауына аттанған жиырмасыншы ғасырмен жарық дүниеге бірге келді.

 (слайдтан көрсетіледі: «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін»)

  

М.О.Әуезовтің драмалық шығармалары: “Еңлік – Кебек”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”, “Қаракөз”

 М.О.Әуезовтің прозалық шығармалары: “Қорғансыздың күні”, “Жетім”, “Барымта”, “Қыр суреттері”, “Кім кінәлі?”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қараш-қараш”, “Қилы заман”, “Іздер”, “Қасеннің құбылыстары”, “Шатқалаң” ,“Бүркітші”

 

М.О.Әуезовтің ғылыми еңбектері: «Әдебиет тарихы», «Әр жылдар ойлары», «Уақыт және әдебиет», «Абай Құнанбаев», «Абайтанудан жарияланбаған материалдар»,  «Абайтану дәрістері», «Абай ақындығының айналасы», «Ескермедім, қабылдамадым», «Абайтану оқулары», «Әдебиет танытқыш», «Әдебиет теориясы», «Ертегі туралы», «Қобыланды батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Бұхар жырау», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Махамбет», «Некрасов өмірі», «Қырғыз дастаны – «Манас»», «Жақсы пъеса – сапалы әдебиет белгісі» т.б.           

М.О.Әуезов очерктері: «Оңтүстік сапарынан», «Америка әсерлері», «Индия очерктері», «Индия күнделіктері», «Түркістан солай туған», «Ол күнгі Алматы», «Абай ауылында», «Ер серігі - сергек ой», «Ақын елінде», «Асыл нәсілдер», «Үшқоңыр жайлауында» т.б.

 М.О.Әуезов мақалалары: «Адамдық негізі – әйел»,  «Қазақтың өзгеше мінездері», «Қазақ әйелі», «Оқу әдісі», «Ғылым», «Ғылым тілі», «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Мәдениет һәм ұлт»,  «Япония», «Философия жайынан», «Оқудағы құрбыларыма» «Бүгінгі зор міндет», «Өліп таусылу қаупі», 


           Барлығымызға белгілі М.О.Әуезовті әлемге әйгілі еткен, ол «Абай жолы» роман-эпопеясы.  «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылса, оның бірқатар шығармалары ағылшын, албан, араб, армян, әзірбайжан, башқұрт, белорус, бенгал, болгар, бурят, венгр, вьетнам, грек, голланд, грузин, испан, қырғыз, серб, француз, қарақалпақ, словак, тәжік, татар, тува, түрік, түркімен, өзбек, хинди, парсы, поляк, пушту, румын, ұйғыр, украин, урду, фин, якут, чех, эстон, қытай, корей, латвия, литва, мари, молдован, монғол, неміс тілдеріне аударылған. Мінекей, осының өзі Мұхтар Әуезовтің – тек қана қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің қайталанбас ұлы тұлғасы екендігін дәлелдейді.

   Топтастыру әдісі: «Мұхтар Әуезов кім?»

(Тақтаға оқушылар стикер жапсырады)

Мұхтар Әуезов – жазушы, прозаик, драматург, классик, ұлы суреткер, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері.

 

Елбасымыз бір сөзінде: «Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау» деп айтып кетсе, Н.Погодин «Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді» - деген болатын.

         Иә, балалар, біз үшін Абай қандай болса, Мұхтар да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы. Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек емес пе?

Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Мысалы: Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа», Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», Әбдіраштың Жарасқаны «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?», Қалқаман Сариннің «Мұхтар Әуезовке» атты арнауларын айтсақ болады.

    Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әлемге әйгілі – Әуезов» деп аталғандықтан берілген 5 минут уақыт ішінде әркім өз ойын айшықтап, әсем сөздермен қағаз бетіне түсіріп, М.О.Әуезов жайлы эссе жазуы қажет.

(эссені қорғайды. Берілген уақыт 2-минут. 5-6 оқушы жазған эссесін оқып береді)

Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр.  

Қорытынды:

Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Өйткені, Әуезов әлемiн қазақ әлемiнен, қазақ өмiрiнен еш бөле-жара қарауға болмайды. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.09.2022 22:48
Құрылған күні: 19.09.2022 22:48

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст