"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

  1. БІЛІМ   БЕРУ   ПРОЦЕСІН   ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ  НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруда қолданыста болатын МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары келесі кестеде берілген. 2020-2021 оқу жылына арналған ӘНХ-тың электронды қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сілтемемен өтуге болады.

  • Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары осы Әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады».

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі.

2020-2021   ОҚУ    ЖЫЛЫНДА    БІЛІМ     БЕРУ    ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

5.1 Мектепалды даярлық топтары сыныптары                                

Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік, танымдық, шығармашылық біліктер мен дағдыларды, әлеуметтендіруді қалыптастыру мен дамыту;
  • тәрбиелеу-білім беру процесіне қауіпсіз білім беру ортасын құру;
  • тәрбиеленушілердің мектепте оқуына табысты дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани- адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.

Мектепалды сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 32 аптаны құрайды.

Мектепалды сыныптарда:

күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында),

қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында),

көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20 наурыз – 31 наурыз қоса алғанда);

қосымша каникулдар: 7 күн (2021жылғы 8 - 14 ақпанды қоса алғанда).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

Білім беру ұйымдары өз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі

№ 319-III Заңы.

  1. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңы.
  2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 II Заңы.
  3. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).
  5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің   2008   жылғы 30 қаңтардағы N 77 қаулысы.
  6. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
  7. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.
  8. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
  9. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығы.
  10. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.
  11. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы.
  12. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.

1. «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы.

  1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы.
  2. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығы.
  3. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.
  4. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.
  5. «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы.
  6. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.
  7. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығы.
  8. «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы.
  1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, өз жеріне деген сүйіспеншілікке, өзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, ата- аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Педагогтердің міндеті - ата- аналарға отбасында, ең алдымен, ата-бабалар қалыптастырған адамгершілік және рухани әдет-ғұрыптар мен құндылықтардың сақталуы және берілуі ерек екенін, ата-аналар балаларды тәрбиелеуге жауапты және бала үшін отбасы-бұл тәрбие негізі, адамдарға, табиғатқа деген карым-қатынас қаланатын әлем екенін түсінуге көмектесу.

Балалардың құрдастарына мейірімді қарым-қатынасын дамытуға, адамдарға деген құрмет сезімін, игі істер жасауға ұмтылысын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет .

Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,

«Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге асырылатын болады:

  1. креативтілік-шығармашылыққа  деген   қабілеттілік,   жаңаны   ойлап шығару мүмкіндігі. Креативті ойлау дағдылары:
    • қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша затты табу;
    • екі немесе одан да көп объектінің жалпы және әртүрлі белгілерін табу;
    • объектінің сипаттамасы бойынша мүмкін болатын әрекеттерді тану;
    • бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқа затқа ауыстыру;
    • шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.

Сыни ойлау технологиясын қолдану балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, өз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға мүмкіндік береді.

Педагогтің сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдануы балалардың пікірін білдіруін қалыптастырады, дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметте бағдарлай білуін дамытады.

  1. коммуникативтілік-қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу, үйлесімділік орнату қабілеті (бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік).
  2. командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, өзара пікір алмасуды қолдау, басқа адамдарды түсінуге тырысу, өзінің және өзге адамдардың әрекеттерін бағалай білу. Командада жұмыс істеу дағдыларын үйрету балаларға кез келген әлеуметте (балабақша, құрдастары және т.б.) бейімделуге септігін тигізеді.
  1. сыни ойлау- нәтижелі түрде пікір алмасу үшін қажетті қасиеттерді: төзімділікті, өз әрекеттеріне жауап беруді, тыңдау қабілетін дамытатын (жұппен және топтық жұмысты қолдану, пікірталас) әлеуметтік ойлау.

Сыни ойлауды дамыту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • баланың пікірін қалыптастырмас бұрын білім алуға деген ұмтылысын ояту;
  • баланы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, өз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға үйрету;
  • баланы дайын білімді қолданбай, әрекет процесінде туындайтын білімін қолдануға деген ынтасын тәрбиелеу.

 

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

 

Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,

«Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.

Стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар анықталған.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымдарда:

-1 қыркүйектен 31 мамыр бойынша – барлық жас топтары үшін  оқу жылы ( Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, меңгеру мерзімі-5 жыл;

-1 маусымнан 31 тамыз бойынша – жазғы сауықтыру кезеңі (ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі-ҰОҚ), сауықтыру іс-шараларын ауа райына байланысты таза ауада өткізу ұсынылады).

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

  • білім беру ұйымының жылдық жоспарына;
  • өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
  • циклограммаға сәйкес іске асырылады.

Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Педагогтер перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрады.

Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі: бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте); аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда); қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда).

Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог қызметкерлермен тығыз байланыста жүргізеді. Диагностиканың нәтижелері негізінде тәрбиеші мен педагог-психолог тәрбиеленушінің жеке даму картасын құрастырады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты, шектеу шаралары кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен  тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты, мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтар өткізу, ата-аналардың қалауын ескере келесідей форматта:

  1. қашық форматта сабақтар (консультациялар) өткізу;
  2. МДҰ кезекші топтармен сабақтар өткізу ұсынылады..

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қашықтан оқыту форматындағы сабақтар (консультациялар) – ата-аналардың жетекшілігімен балалар (көбінесе ересек, мектепалды жасындағы балалар) педагогтердің тапсырмаларын оқып, орындайтын үй жағдайында оқыту (консультация).

Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас»,

«Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.

Стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар анықталған.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымдарда:

-1 қыркүйектен 31 мамыр бойынша – барлық жас топтары үшін оқу жылы (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, меңгеру мерзімі-5 жыл);

-1 маусымнан 31 тамыз бойынша – жазғы сауықтыру кезеңі (ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі-ҰОҚ), сауықтыру іс-шараларын ауа райына байланысты таза ауада өткізу ұсынылады).

Тәрбиелеу-білім беру процесі:

  • білім беру ұйымының жылдық жоспарына;
  • өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
  • циклограммаға сәйкес іске асырылады.

Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Педагогтер  перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрады.

 

Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі:

бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте); аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда);

қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда).

Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог қызметкерлермен тығыз байланыста жүргізеді. Диагностиканың нәтижелері негізінде тәрбиеші мен педагог-психолог тәрбиеленушінің жеке даму картасын құрастырады.

 

Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі

Балалар ата-аналардың қалауы бойынша кезекші топтарға бара алады немесе қашықтан оқи алады.

Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын консультациялық қолдауды қанағаттандыруға бағытталған.

Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшылары ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды тобы балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:

-қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересектер тобы, мектепалды тобы балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін көрсете отырып хабардар болуы;

- қашықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау;

  • «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруы;
  • педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту сабақтарының конспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі;
  • ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету;
  • топтардың контингентін бекіту, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын ересек, мектепалды жастағы балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан оқытуды ұйымдастырады;
  • педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;

 

-жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;

  • қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау педагогтермен өткізеді;
  • ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы ақпарат базасын толтырады;
  • сабақ кестесін құрады;
  • педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
  • тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге асырады;
  • тәрбиеленушілердің  ата-аналарын   (заңды   өкілдерін)   білім   беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.

Педагогтер:

  • әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына перспективалық жоспар құрастырады;
  • сабақтарды өткізу жоспарын құрады;
  • демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, көрсетуге арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.) дайындайды;
  • бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар өткізеді;
  • ата-аналармен кері байланыс орнатады;
  • ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар өткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру

Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады.

Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өз қалауы туралы өтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.

Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді.

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.

Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.

Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Басшының атына өтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын кезекші топтарға апара отырып, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады.

Тәрбиеші МДҰ бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім, МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін).

Кезекші топтардағы сабақтар перспективалық жоспар мен циклограммаға сәйкес кесте бойынша өткізіледі.

Тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалыс режимі сақталады.

Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады.

 

Ерте жастағы балаларды дамыту (туғаннан бастап 3 жасқа дейін)

 

Жас   кезеңдері   мен   жас   топтары   (балалардың  жасы-оқу   жылының басындағы толық жасы) мынадай:

1) бөбек жасы – 0-3 жас:

нәрестелік жас-туғаннан бастап;

ерте жас- 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі:

  1. ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағатты;
  2. кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағатты құрайды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

  1. ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;
  2. кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат.

Осы жас кезеңінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуы мынадай міндеттерінің табысты шешілуіне байланысты:

баланың   денсаулығын   нығайту,   оны   шынықтыру,  жүйке   жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін арттыру; негізгі қимыл түрлерін дамыту (жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, секіру);ба ланың қоршаған ортамен байланысын байыту, күнделікті өмірде және баламен арнайы ұйымдастырылған әрекетте ортаның құбылыстарын түсінуге қызығушылықты дамыту, оларды ойын, бейнелеу, музыкалық және басқа да әрекетке ауыстыру; түсінінетін сөздер қорын кеңейту және белсенді сөздік қорды байыту; заттық әрекеттің алуан түрлілігі: жақын маңдағы заттармен, олардың қасиеттерімен, атқаратын қызметімен және олармен әрекет ету тәсілдерімен таныстыру, қасиеттері бойынша заттарды таңдауды және топтастыруды көрсету; өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша қарапайым әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықтарды жинау) жағымды эмоционалдық ынталандыру және қолдау, еңбек әрекеттеріне қызығушылықты тәрбиелеу, оларды өз бетінше орындау ниетін ынталандыру.баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету: әрекет түрлерінде оның дербестігін дамытуға, өзін – өзі құрметтеу және қадірлеу сезімін әрекетте және қарым-қатынаста табысты бағалау арқылы дамыту үшін жағдай жасау; ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларына баулу; баланы ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасқа ынталандыру; барлық тіршілік иелері (жануарлар, өсімдіктер) мен заттар әлеміне сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны балалардың өзара әрекеті бойынша әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, бейімделуіне, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа), қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің түрлері (ойын, қимыл, дербес) арқылы іске асырылады.

«Әлеумет» білім беру саласында дербестікті тәрбиелеу, әлеуметтік- тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекет дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері көрсетілген.

Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың өмірін дұрыс ұйымдастыру оларды тәрбиелеудің маңызды сәті болып табылады.

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту міндеттері: 1 жас-1 жас 6 ай:

  • түсінетін сөздер қорын адамның және жануарлардың дене мүшелерін, заттар мен ойыншықтарды, жақын адамдарды білдіретін зат есімдердің есебінен кеңейту;
  • белсенді сөйлеуді дамыту;
  • заттарды көлемі, түсі, пішіні бойынша ажырата білу;
  • заттармен әрекет ету үшін көмекші құралдарды қолдана білуді дамыту (тарту, домалату, қозғалу және т. б. );
  • балаларды заттардың пішінімен және көлемімен таныстыру. 1 жас 6 ай-2 жас:
    • қоршаған орта заттарын білдіретін зат есімдердің, заттардың жағдайын және белгілерін, қимылдарын білдіретін етістіктердің, сын есімдердің есебінен пассивті сөздік қорды кеңейту;
  • диалогтік сөйлеуді дамыту;
  • заттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: заттарды тану үшін жағдай жасау, заттарды топтастыру, түсі, пішіні, көлемі және т. б. бойынша сәйкестендіру;
  • төрт негізгі түсті ажырата білуді дамыту: қызыл, сары, жасыл, көк;
  • қарапайым заттарды меңгеруге жаттықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдану.

2 жастан 3 жасқа дейін:

  • түсті, көлемді, пішінді, сапаны, әрекетті және т. б. білдіретін сын есімдермен, етістіктермен, үстеулермен байыта отырып, белсенді сөйлеуді дамыту;
  • баланы заттар әлемімен таныстыру кезінде жарқын әсерлермен байытуды жалғастыру;
  • әрекетте заттармен түрлі қимылдарды дамыту үшін жағдай жасау;
  • түс туралы түсініктерді кеңейту (қызғылт сары, көк, қара, ақ);

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту (3 жастан және 4 жастан бастап)

 

Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы –оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:

мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:

орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ); ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ).

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі:

  • ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағатты;
  • ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12 сағатты құрайды

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

  • ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11,5 сағат;
  • ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12,5 сағат.

Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік бөлім көрсетілген. Инвариантты бөлім Үлгілік оқу бағдарламасының міндетті бөлімін орындауды қамтамасыз етеді.

Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескеріледі.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:

ортаңғы топ балалары үшін-1 сағатты;

ересек топ балалары үшін- 2 сағатты құрайды.

 

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:

ортаңғы топ балалары үшін - 0,5 сағатты;

ересек топ балалары үшін - 1,5 сағатты құрайды.

Үлгілік   оқу   жоспарларына  келесідей   өзгерістер   мен   толықтырулар енгізілді:

«Қатынас» білім беру саласы:

  • «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі мен міндеттері

«Көркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді және аптасына 1 сағатты құрайды.

«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде көзделген міндеттер «Көркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің көмегімен (рөлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рөлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.

«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:

  • «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі

«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5  сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.

Мектепалды жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту (5 жастан бастап)

 

Мектепалды даярлық 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап) (бұдан әрі - Заң).

1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31 бабы). Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

  • балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
  • мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
  • ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
  • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
  • баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

Білім беру процесі:

  • өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
  • апталық циклограммаға сәйкес өткізіледі;
  • тәрбиеленушілердің жетістіктеріне мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізіледі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі -  20 сағат және ҰОҚ ұзақтығы -25-30 мин.

 

Үлгілік оқу жоспарларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

«Қатынас» білім беру саласы:

  • «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі және міндеттері «Көркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, аптасына 1 сағатты құрайды.

«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде көзделген міндеттер «Көркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің көмегімен (рөлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рөлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.

- «Шет тілі» ҰОҚ алынып тасталды, 1 сағат апталық жүктемесі

«Сауат ашу негіздері» ҰОҚ енгізілді және 2 сағатты құрайды.

«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:

  • «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар- ұйымдастырылған оқу қызметінің рұқсат етілген көлемін, ұзақтығын қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымының қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі-2 сағатты, ал қазақ тілінде оқитын балалар үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі - 3 сағатты құрайды. Апталық жүктеменің жалпы көлемі-20 сағат.

Тәрбиелеу-білім беру қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйым түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен, мазмұнымен негізделген және «Стандартқа қосымшада «Туғаннан бастап 1- сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесінде» көрсетілген тәрбиеленушінің дамуының күтілетін нәтижелерін қамтиды.

Баланың одан әрі дамуы үшін қажетті жетістіктер тізбесі баланың дамуының жалпы әлеуметтік маңызы бар болжамдары, 5 жастан асқан балалардың даму нормалары, белгіленген білім беру мақсатына қол жеткізуге бағытталған ересектер (педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілердің заңды өкілдері) қызметіндегі бағыт-бағдарлар болып табылады.

 

Түрлі жас топтарындағы жұмыстың ерекшелігі

 

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №206 бұйрығы) мектепке дейінгі білім берудің қол жетімділігін

 

және вариативтілігін қамтамасыз ету үшін, балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуда қолайлы жағдайлар жасау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады, оларда балалар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жасақталады.

Түрлі жас тобы (1 жастан 3 жасқа дейінгі немесе 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен және кадрлармен қамтамасыз етілген (бөлінген қаражат шегінде) жағдайда құрылады және санитарлық-гигиеналық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, қажетті ойын және спорттық құрал-жабдықтармен, оқу-көрнекілік құралдарымен және материалдарымен жабдықталған, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлмелерде ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы түрлі жас топтарының толымдылығы санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Түрлі жас топтарында балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

 

Білім беру процесі мынадай тәсілдерді:

  • саралау, балалардың жас мүмкіндіктерін ең жоғары көлемде есепке алу ұсынымына негізделген, жастары шамалас, аралас балаларды есепке ала отырып, топтарды шағын топтарға бөлуді қамтамасыз етуді;
  • жеке, педагогтер, психологтар, ата-аналар яғни, тәрбиелеу мен оқыту процесіне барлық қатысушылардың баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруына және оның қабілеттерін дамытуына бағытталуын;
  • ойын, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын белсендіруге ықпал ететін ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде қолдануды;
  • денсаулық сақтау, балалардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды;

-инновациялық, баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалауға бағытталған;

  • құзыреттілік, баланың дамуын және мектепке дейінгі ұйымның қызметін және т.б.қалыптастыруды қарастырады.

Түрлі жас топтарында түрлі жастағы балалар тәрбиеленетіндігіне байланысты педагог Үлгілік бағдарламадағы барлық жас топтарының мазмұнын білуі қажет, бағдарламалық талаптарды балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен салыстыра білуі, зейінін дұрыс бөле білуі, әрбір баланы және барлық топты толықтай түсініп, көре білуі, балалардың дамуын олардың мүмкіндіктеріне сәйкес қамтамасыз етуі тиіс. Осындай сипатта, циклограмма құру кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

Түрлі жас тобында педагогикалық процесті өткізуде мыналарды ескеру қажет:

  • кіші жастағы балалар жұмысқа кештеу қосылады және (немесе) ерте аяқтайды;
  • бір топта балалардың өз бетінше жұмысы, басқасында педагогпен бірлескен әрекеті бір уақытта ұйымдастырылады.

 

Тәрбиеші-педагогке алдын-ала оқу жылының басында әрбір аралас топта балалардың туылған мерзімі мен жасын көрсетіп, шағын топтар бойынша балалардың тізімін жасау қажет. Мұндай жұмыс топтағы балаларды шағын топтарға бөлуге мүмкіндік береді.

Балалардың жас ерекшеліктерін барынша ескеру мен білім беру процесін саралау қағидаларына негізделетін жақын, аралас жастарды ескеріп, топтарды жасақтау орынды.

Мысалы, егер бес жастағы бала сурет салу мен мүсіндеу техникасын жетік меңгермеген болса, онда оған біраз уақытқа дейін төрт жастағы балаларға өткізуге жоспарланған тапсырмаларды беруге болады немесе керісінше төрт жастағы бала сол немесе басқа әрекеттерде ерекше қабілеттерді көрсететін болса, онда оған тапсырманы күрделі етіп беру қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметтері кезінде тәрбиеші барлық баланы ұйымдастырады, ересектің берген нұсқауларына сәйкес әрекет жасауды қалыптастырады, жаңа біліктер мен дағдыларға жоспарлы түрде сабақтастықта үйретеді, танымдық белсенділігін дамытады.

Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін жалпы өтпелі тақырыптарға сәйкес өткізуі қажет, әртүрлі жас тобында бұл тәсіл барынша ыңғайлы және тиімді.

Жалпы өтпелі тақырыптар педагогке уақытты тапсырманы түсіндіру мен оны орындауға үнемдей отырып, сол уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді.Тәрбиеші кіші шағын топпен жұмыста ересек балалардың тәжірибесін қолданады.Мысалы, «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметінде ортаңғы топтың балаларына жаңа тақырыпты түсіндіру барысында ересек топ балаларын, мектепалды жасындағы балаларды сурет салу әдістерін көрсетуге баулиды. Ал «Сөйлеуді дамыту» ұйымдастырылған оқу қызметінде  бес жастағы балалар төрт жастағы балалардың заттардың атауларындағы сөздердегі дыбыстарды анықтаудағы тапсырманы орындағандарын тексереді.

«Сурет салу», «Мүсіндеу», «Құрастыру», «Жапсыру», «Математика негіздері», «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде осындай оқыту жүйесі тақырыптарды жыл сайын күрделендіруге есептелген.

Мысалы, «Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінде төрт жастағы балаларды сандармен көрсетілген заттардың екі тобын салыстыруға үйретеді; бес жастағы балаларды – нақты материалға сүйене отырып, сандарды салыстыруға үйретеді; бес- алты жастағы балаларды натурал қатардағы сандар арасындағы қатынасты орнатуға баулиды.

Үлгілік бағдарламаға сәйкес мәтінді мазмұндауға үйрету ортаңғы топтан басталады. Балаларды сурет сюжеті бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Барлық жас топтарында тәрбиеші әңгімелеу үлгісін негізгі тәсіл ретінде қолданады:

  • 3 жастан бастап балалар әңгіменің бөлігін қайталап айтып береді, қажет болған жағдайда педагог сөйлемдердің арасында үзіліс қысқа болуы үшін сөйлемнің басын айтып отырады;
  • 4 жастағы балалар жүйені сақтай отырып, үлгіні толық қайталап айтып береді;

 

-5 жастағы балалар әңгімені өз бетінше, логикалық жүйелілікпен, сюжетке өзінің көзқарасы мен оқиғаға қарым-қатынасын білдіре, толығымен қайталап айтып береді.

Мектеп жасына дейінгі балалар «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметінде бірдей суреттерді: алма, ағаш, үй, адамның сұлбасы және т.б. салады. 4 жастағы балалар заттардың бөліктерін көлемі бойынша салыстырады, бөліктерді салады, түстерін келтіріп береді; 5 жастағы балалар өздерінің суреттерінде барлық қолжетімді мәнерлілік құралдарын қолдана алады.

Мысалы, «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Құрастыру», «Жапсыру» ұйымдастырылған оқу қызметтері барлық балаларға бірдей басталып, бірақ кіші топ балалары ерте аяқтап, тәрбиешінің көмекшісінің бақылауымен ойнайды.

«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде төрт жасар балалар топтың периметрі бойынша орналасқан көру бағдарлары арасында өкшемен жүру дағдыларын қалыптастырады.Келесі жылы сапқа тұруға, ал келесі жас кезеңінде үш қатарға сапқа тұрып қатармен жүруге үйренеді.

Осыған байланысты тәрбиеші ересек жастағы топта барлық балалармен бір уақытта өткізудің қаншалықты орынды екенін ескеруі тиіс.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бөлігін тек үш және төрт жастағы балалармен, ал бір бөлігін тек бес және алты жастағы балалармен өткізуге болады.

Осылайша, бес жастағы балалармен «Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметі өткізіледі, онда балалар сөздің құрылымы туралы алғашқы түсінік алады, сөзге дыбыстық талдау жүргізеді, сөзде екпінді дұрыс қоюға үйренеді, штрихтау және т. б. орындайды.

Педагог қалған балалар оқып жатқан кезде алдын ала балалардың не  істеу керектігін ойластыруы керек. Сонымен қатар балалар қажеттілігіне қарай сол бөлмеде қалады.

ҰОҚ басталмас бұрын оның тақырыбын, өткізу шарттарын, қызмет түрін ескере отырып, балаларды қалай ыңғайлы орналастыру қажеттігін ойластыру қажет.Педагог әрбір жас тобын назарда ұстауы тиіс.Бұл білім беру процесі саралау тәсілін, баламен жеке жұмысты қамтамасыз етеді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ортасында ұзақтығы 1,5 – 2 мин сергіту сәті өткізіледі.

Түрлі жас топтарындағы тәрбие мен оқыту түрлері мен құралдары

Түрлі жастағы топтарда білім беру процесін ұйымдастырудың кешенді, топтық және жеке түрлерін қолданады, олар педагогтің балалармен және балалардың арасында өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Ең тиімдісі жұмыстың әр түрінің үйлесуі болып табылады (ұжымдық жұмыс, шағын топтармен жұмыс және жеке сабақтар).

Дамытушылық міндетті кешенді түрде, ал білімділік міндетті бір шағын топпен (жаңа материалды хабарлау, білімді бекіту, кеңейту және нақтылау) шешкен тиімді болады.Мысалы, 3 жастағы балалар бар түрлі жас тобында:

кешенді форма:

  • I кезеңде жұмысты 4 жастағы балалар бастайды: жаңа тақырып зерделенеді, жеке тапсырмалар орындалады.Содан кейін жұмысқа 3 жастағы балалар қатыстырылады. Олармен педагог, ал ересек балалар жұптасып жұмыс жасайды.
  • ІІ кезеңде жалпы барлық балалар үшін іс-әрекеттің басталуы: ойын жағдаяты, танымдық ізденушілік бағыттағы сұрақ, ұйымдастыру сәті. 3 жастағы балалар жалпы ұйымдастырылған оқу қызметіне 10-15 минут қатысады: белсенді қатысу, пассивті тыңдау, заттық әрекет, ересек балалармен бірлесе жұмыс істеу.
  • ІІІ кезеңде үш жастағы балалар жұмысты аяқтайды. Егер мүмкіндік болса, балаларды жатын бөлмеге немесе оқшауланған шешінетін бөлмеге шығару керек, онда олар тәрбиеші көмекшісінің қарауында ойнайды. Егер мүмкіндік болмаса барлық балалар қорытынды әңгімеге қатысады.Сонымен қатар ортаңғы топ балаларының ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы ұзақтығы 15-20 минутты құрайтынын ұмытпаған жөн.
  1. балалардың бір уақыттағы әрекеті:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрі Үлгілік бағдарламаның білім беру салаларының бірі бойынша шағын топтың бір уақыттағы жұмысын, бірақ әртүрлі бағдарламалық міндеттерін қарастырады.

Мысалы, тәрбиеші көмекшісінің қарауымен арнайы жасалған ортада кіші топ балаларына ойын әрекеттері ұйымдастырылады, ал тәрбиеші ортаңғы топтың балаларымен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді.

Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын топтар орындарымен ауысады.

  1. жастары бойынша балалардың жеке әрекеті.

Ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырудың бұл түріне түрлі білім беру салалары бойынша балаларды топпен ұйымдастыруға болады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрін педагогтер немесе екі тәрбиеші жүргізген кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.10.2020 18:08
Құрылған күні: 29.10.2020 18:44

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст