"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Отбасы – өмір аясы» Сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г., сынып: 7 "Ғ"

   Күні: 13.05.2021 ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                          

Сабақтың тақырыбы:

«Отбасы – өмір аясы»

Сабақтын мақсаты:

 

Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы  туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы  игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала.  Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

 Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

  1. Әр топ өздерін таныстырады.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз.

Үлгілі отбасының арнауы «АНА» , «ӘКЕ» туралы әндер айту.

  1. Ситуациялық көрініс. Әр топ жағдаят дайындап көрсетеді.

Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды. Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді.

 -Кейін алып берермін

-Не қажеті бар?

Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.

Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

3. Шығармашылық жұмыс

А. Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу

Б. «Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында.

4. «Бақытты отбасы модулін» салу.

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

« Отбасы – өмір аясы » тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

Жаңартылған күні: 13.05.2021 13:50
Құрылған күні: 13.05.2021 13:50

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст