"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Эстафеталық ойындар" 7 Ә сынып. Пән мұғалімі: Байгабулов Б.М.

Күні

16.09.2021ж

Пәні

Дене шынықтыру

Мұғалімі

Байгабулов Багдат Мейрамулы

Сыныбы

7 сынып

Тақырыбы

Эстафеталық ойындар

Мақсаты

7.1.1.1 Аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Түрі

Командалық жарыс

Сабақтағы әдіс

Ойын

 

Уақыты

Сабақтың мазмұны

Іс-әрекет/ресурстар

5 мин.

 

 

 

 

 

10 мин.

Кіріспе бөлім

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Кезекшінің мәліметі.

3. Сәлемдесу.

4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

 

Жүру жаттығулары:

Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;

Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;

Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен  жүру;

Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;

Қол белде жартылай отырып жүру;

Қол тізеде, толық отырып жүру,

Жүгіру жаттығулары:

Жеңіл жүгіріс

Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру

Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра

 жүгіру;

Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;

Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату,

2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып

 арақашықтық сақтау.

 

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.

1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа

 айналдырамыз.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды

желкеге қоямыз.

1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз

-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;

-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын

айналдыру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;

-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені

оңға иілдіру;

 -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.

Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол

 қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.

Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды

төмен түсіру.

Оқушылардың спорт

киімдеріне көңіл бөлу.

Оқушылардың

денсаулығына көңіл

бөлу.

 

 

Денені тік ұстау керек.

Арақашықтықты

сақтау.

 

 

 

 

 

Алдыңғы, артқы

әріптестерге кедергі

жасамау.

Еркін демалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дұрыс жаттығу жасауын

 қадағалау.

 

25 мин.

Негізгі бөлім

Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат      қою.

1-топ-«Қыран» тобы

 2-топ- «Барыс» тобы

 

 

1. Картоп отырғызу

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып,        кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене           доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп     келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың          артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын   бітірсе, сол жеңіске жетеді.

2. Картоп жинау

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып,        кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене        доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі            ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады.  Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра        береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол  жеңіске жетеді.

3. Кенгіру

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы  үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу.   Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға  ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

4. Допты бастан асырып беру

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің  белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді.   Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына             келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

 

5. Допты аяқтың астынан беру

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар  аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз          орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

 

6. Допты себетке салу

Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп     алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол         команда жеңіске жетеді.

7. Орыннан секіру

Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа           секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.

8. Мәреге кім бұрын?

Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек.                 Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі              ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді.   Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

 

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Ойынның дұрыс

ойналғанын бақылау.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

5 мин.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу

Жеңімпаз топты хабарлау

Сабақты қортындылау.

Саппен  шығарып салу

Тәртіпке шақыру.

Сабақ барысында

жіберілген қателікті

айту, түзеу.

Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:                                                                                 Келісемін:

Талапкер ауылының                                                                  директордың оқу ісі

ЖОББМ директоры                                                                  жөніндегі орынбасары

Абеева С.Х._____                                                                     Ахитова Г.С. _______

«___»______2021ж.                                                                 «___»______2021ж.

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Эстафеталық ойындар

 

 

 

 

                                            

 

 

Сыныбы: 7 «Ә» сынып

Өткізген: Байгабулов Б.М.

 

 

 

 

 

 

2021 – 2022 оқу жылы

Талапкер ауылының жалпы орта

білім беретін мектебінде 7 «Ә» сыныбында

 өткізілген ашық сабақ бойынша

Ақпарат

         16.09.2021 күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 7 «Ә» сыныбында «Эстафеталық ойындар» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

         Мақсаты: 7.1.1.1 Аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

         Сабақ дене қыздыру жаттығуларымен басталды. Оқушылар 400 метр жүгіріп денені қыздырып алғаннан соң сапқа тұрып, үш топқа бөлініп орнында жаттығулар орындады. Эстафеталық жүгіріс техникасы түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді. Оқушылар төрт топқа бөлініп, эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, 4-топ – 1 орын, 2-топ – 2 орын, 1-топ – 3 орындарға ие болды. Жеңімпаз топтар марапатталды.

     

 

Жаңартылған күні: 20.09.2021 15:19
Құрылған күні: 20.09.2021 15:19

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст