"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Жамбыл Жабаев – ұлы дала абызы" атты қашықтықтан көрме ұйымдастырылды.

Талапкер ауылының жалпы  орта  білім  беретін  мектеп кітапханасында  қашықтықтан "Жамбыл  Жабаев – ұлы дала абызы"  атты  көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар.
Тәрбиелік мәні: ақынның кітаптары арқылы  оқырмандарды отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

       Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», ұлы дала абызы  «Жамбыл – менің жай атым,  халық - менің  шын атым»   деген ұлы тұлға.

    Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын  өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау

     Ұлы даланың көшпелі академиясы. Байтақ қазақ даласын жырға кенелткен, осы бір теңдесі жоқ биік өнерді биікке көтерген даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі осы Жамбыл атамыз болып табылады.

    Ол эпик әрі айтыс ақыны, абыз жырау, жауынгер жыршы, шын мағынасындағы заңғар поэзияны жасаушылардың ең ұлысы. жыршы ақын.          

     Жамбылдың құдіреті асқан   шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған дарабоздығымен де әлемді таң қалдырған  ақын деп білеміз.

   Ақынның мол мұрасы болашақ ұрпақ үшін баға жетпес ұлы қазына - деп білеміз.

 

Жаңартылған күні: 23.02.2021 16:33
Құрылған күні: 23.02.2021 16:33

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст